Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қаңтар 2024білім беру форумы, образовательный форум

SHAKARIM UNIVERSITY ҚАЗАҚСТАН ЖОО-НЫҢ НЕГІЗГІ БІЛІМ БЕРУ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы ҒжЖБМ ұйымдастырған "Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары" форумы өтті. Жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек платформа қатысушыларының назарын заманауи бірегей технологияларды білім беру процесіне біріктіруге аударып, жаһандану және технологиялық революция жағдайында Қазақстандағы жоғары білімнің халықаралық стандарттарға сәйкестігі маңызды екенін айтты.
Жиында университет басшылығы форумның білім беру процесіне жаңа технологияларды интеграциялау, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру тұрғысынан ерекше мәнге ие болғанын атап өтті. Қабылданған шешімдер мен бастамаларды ректор жоғары оқу орындарында өңірлік деңгейде мемлекеттік органдармен және бизнес - сектормен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып енгізу қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл Қазақстанның жоғары білім саласындағы инновацияларға деген ұмтылысын көрсетеді. Мамандарды даярлау сапасын жақсарту және білім мен ғылым саласындағы жаңа әдіснамаларды әзірлеу жөніндегі бастамалар талқыланды.
Іс-шарада "ЖЖОКБҰ сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін баптау", "Ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру" және "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру" сияқты негізгі тақырыптар қарастырылды. Аталған бағыттар білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуға және академиялық қоғамдастық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Еліміздің жоғары білім беру саласында тағы бір маңызды бетті ашқан басқосу іс жүзінде Қазақстанның білім беру саласын дамытудағы жаңа кезеңнің басталуын айқындайды.