Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 маусым 2021media centre, шалабай, жарма ауданы

Shakarim university шалабайға сапармен барып қайтты

2021 жылдың 17 маусым күні «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» өкілдері Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шалабай ауылына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Жұмыс сапары барысында Басқарма төрағасы – Ректор Б.А. Ердембеков Жарма ауданының түлектері мен педагогтарымен кездесті.
Бауыржан Аманкелдіұлы облысымыздағы ЖОО және колледждеріндегі білім алу болашағы туралы, 2021 жылдағы ЖОО-ға түсу Ережелерімен таныстырып, өмірдегі өз орнын табуларына байланысты пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қоса, Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында Қазақстан Республикасы ЖОО-ларына оқуға тапсыру бөлімшелері ашылғандығы туралы да ақпарат бере кетті.
Шәкәрім университетінің қабылдау комиссияларында оқуға тапсырушы түлектерге барлық жағдай жасалған: бірден құжаттар қабылданып, қажетті пайдалы кеңес беріледі.
Дәл осы күні Шәкәрім университетінің өкілдері Шалабай ауылдық округіндегі Күйелі және Қызылсу өзенінің жанындағы ескі қорымдарды да көріп қайтты. Қорымдар біздің эрамызға дейінгі 7-8 ғасырларға жатады. Жақында ғалым-археологтар қорғаннан Вильнюс зертханасында біздің дәуірімізге дейінгі 746-680 жылдарға жатады деп анықтаған адамдардың сүйектерін тапты.
Шәкәрім университетінің өкілдері қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіруге арналған ауылшаруашылық нысандарында, «Шалабай» асыл тұқымды шаруашылығында болды. Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығының жетекшісі Қ.С.Сүлейменов Шәкәрім атындағы университеттің түлегі ретінде өзінің білім алған университетімен тығыз байланыста.
Бұл шаруашылықта университетіміздің «Ветеринария» және «Агрономия» мамандығы бойынша білім алушы студенттер өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. «Шалабай» ЖШС мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде озық технологияларды қолданады. Мысалы, канадалық GrowSafe автоматтандырылған жүйесі жануарларды өзінің өнімділігі бойынша бағалау үшін қолданылады. Бұл жүйе күн сайын жануардың тірі салмағын және салмағының өсуін өлшейді, жануардың су мен жем қоспаларына қатысты мінез-құлқын талдайды, жануарлар туралы барлық мәліметтерді канадалық зерттеу тобы - асыл тұқымды мал өсіретін серіктестер алады. Бұл зерттеулер магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін керемет бастау болып табылады.
«Шалабай» ЖШС-де әр түрлі тұқымды бұқалардың ұрығының сапасын анықтау, оны криоконсервациялау және басқа шаруашылықтарға сату, сондай-ақ бұқаларды өндірушілерді ұрпақ сапасы бойынша бағалау бойынша кешен салынуда.
«Шалабай» ЖШС ауылшаруашылық саласындағы мамандарға зәру, себебі бұл ферма аттас ауылдың негізгі жұмыс берушісі болып табылады. Шәкәрім университеті өз кезегінде аграрлық саланың мамандарын дайындайды. Ферма басшылығының бастамасымен оқытушылар мен білім алушылар жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қазір алған теориялық білімдерін практикада қолдануда.
Шаруашылықта Шәкәрім университетінің көптеген түлектері жұмыс істейді. Және де бұл жолы университет басшысымен бірге агроном-түлек «Шалабай» ЖШС-не болашақ жұмыс орнына келді.
Университет өкілдерінің «Шалабай» ЖШС директоры К.С.Сүлейменовпен кездесуі барысында «Шалабай» асыл тұқымды фермасында (1940-1990) пайдаланылған «Аталық бұқалардың генеалогиялық кестесін цифрландыру», «Канадалық GrowSafe жүйесін етті мал өсіруде бұқалардың асыл тұқымдылығын бағалау критерийі ретінде өзіндік қауіпсіздігін анықтауда қолдану» тақырыптарындағы дипломдық жұмыстар мен жобалардың, магистрлік диссертациялардың тақырыптары талқыланды, асыл тұқымды мал шаруашылығы базасында университеттің оқу-өндірістік орталығын құру туралы келісім жасалды.
 
Ғылым департаменті директорының м.а. Жанар Молдабаева