Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 қазан 2023чемпионат мира, наши спортсмены, әлем чемпионаты, біздің спортшылар

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАУДА

4-10 қазан күндері Португалия қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы дзюдо күресінен Әлем чемпионатында Шәкәрім университетінің студенттері өнер көрсетеді. 

Осынау дүбірлі додаға бақтарын сынап келген жеңімпаз спортшылар Жалғас Қайролла Германияның Берлин қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Европа кубогының күміс жүлдегері, ал Ажар Асхат Азия кубогының жеңімпазы. 

Күллі Абай елінің мақтанышына айналған балуандарға сәттілік тілей отырып, алдағы байрақты бәсекеде ел намысын лайықты деңгейде қорғайды деп сенеміз!