Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қараша 2022кездесу, студенттер, сыбайлас жемқорлық

SHAKARIM UNIVERSITY: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеуді басты борышы деп санайды.
Осы орайда Шәкәрім университетінің Комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Адалдық сағатын» өткізді.
Жиынға университет басшылығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рустем Токбергенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша Превенция басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Қуанов, «Саналы ұрпақ» қауымдастығының мүшелері мен студенттері қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Осы уақытқа дейін мамандар сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу, оны жедел іздестіру шарасымен айналысса, бүгінгі таңда департаменттің басты міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Біз өз өңірімізде әртүрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстарды атқарудамыз»,-деді Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рустем Токбергенов.
Өз кезегінде Басқарма Аппаратының басшысы Серік Турдин оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп келе жатқанын, бұл мәселе бірінші кезекте университет басшылығының қатаң бақылауында екендігін атап өтті.
Басқосуда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар сөз етілді.
Білім ордасында студенттердің қоғам дертіне қарсы тұру имунитетін қалыптастыру бағытында түрлі шаралар үздіксіз жүзеге асырылуда. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Комплаенс-қызмет, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі әдеп уәкілі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және кәсіптік әдепті сақтау жөніндегі комиссия және «Саналы ұрпақ» ұйымы жұмыс істейді.
Дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы азаматтардың хабарламалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай call-орталығының 1424 телефоны бойынша тәулік бойы қабылданады.