Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қараша 2023жастар саясаты, театр, лудомания, ұлттық құндылықтар

SHAKARIM UNIVERSITY ЖАСТАРЫ ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ

Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студенттік театрының "Тағдыр ма? Әлде ..." қойылымы өтті. Қойылым құмар ойындарға тәуелділіктің күрделілігін ашады. Шын мәнінде елімізде лудоманияның өсу көрсеткіші жаға ұстатарлық жағдайға әкеліп отыр. Спектакль арқылы өнерпаздар білім алушыларға жаман әдеттен аулақ болуды насихаттағылары келді.
Студенттік труппаның негізгі құрамында 30-дан астам өнерпаз бар. Сахналанған қойылымға 20-ға жуық жас әртіс атсалысты. Қуантарлығы қойылым құрамында бірінші курс студенттері де өнер көрсетті.
“Қаракөз” студенттік театры жас таланттардың актерлік әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылайтын кеңістік жасайды. Қаракөздік жастарға сәттілік тілейміз!