Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры киелі Абай облысына гастрольдік сапармен келді. Қара шаңырақ ұжымы әйгілі «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын көріп қайтты.
«Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді.
Әйгілі Шәмшінің...
Бүгін Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студенттік театрының "Тағдыр ма? Әлде ..." спектаклінің премьерасы өтті.
Студенттік труппаның негізгі құрамында 30-дан астам өнерпаз бар. Жаңадан сахналанған қойылымға 20-ға жуық әртіс атсалысты.
Премьераның қоюшы-режиссері әрі авторы – Бектенов Ерғали Сәкенұлы.
«Біздің акт залының жаңа сахнасында алғаш рет өнер көрсеткен "Қаракөз" студенттік театры болғанына қуаныштымын....
Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студенттік театрының "Тағдыр ма? Әлде ..." қойылымы өтті. Қойылым құмар ойындарға тәуелділіктің күрделілігін ашады. Шын мәнінде елімізде лудоманияның өсу көрсеткіші жаға ұстатарлық жағдайға әкеліп отыр. Спектакль арқылы өнерпаздар білім алушыларға жаман әдеттен аулақ болуды насихаттағылары келді.
Студенттік труппаның негізгі құрамында 30-дан астам өнерпаз бар. Сахналанған қойылымға 20-ға...
Бүгін Басқарма төрағасы Думан Орынбековтың бастамасымен білім ордасының құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы Абай театрының қойылымын тамашалады.
Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған театр “Ахметтің аманаты” драмасында ұлт ұстазы, Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсыновтың әділдік жолында құрбан болғаны суреттеледі. Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз...
«Көрікті көл беті,
Көк елес көлбеді,
Мен тұрмын жағада жабырқау.
Ай нұры арайлы
Айдынға тарайды,
Сүйіктім келер ме, япырмау?» деп тыңдаушының жүрегінен орын алған «Келші,Айым» әні тұңғыш рет Shakarim University сахнасында шырқалды. «Қаракөз» студенттік-жастар театры 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай «Мұңлы муза» мелодрамасының премьерасын қойды. «Мұңлы муза» -...
Шәкәрім университетінің «Қарагөз» студенттік жастар театры көрермендеріне «Тағдырымның есімі...» атты жаңа қойылымын ұсынды.
Америкалық жазушы Айн Рэндтің «Менің сатып алған күйеуім» әңгімесінің желісімен жазылып, сахналанған қойылым үш адамның арасындағы махаббат хикаясын терең әрі әсерлі түрде жеткізді. Ерінің бақытты болуы үшін өз махаббатын құрбандыққа шалған Иренэ, сырбаз да сымбатты...