Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 желтоқсан 2022кездесу, сыбайлас жемқорлық

ШӘКӘРІМ ЖАСТАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

 
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл, 
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны бiл!  
                                                       Шәкәрім 


Бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күні.
 
Бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл – сыбайлас жемқорлық. Ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. 

Шәкәрім жастары сыбайлас жемқорлықпен күресуде өте белсенді. Жыл сайын Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күні аталып өтеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу күні қарсаңында факультеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, дамытуға бағытталған іс-шаралар  өткізілді. 

«Бұл қауіпті дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз»,- дейді Шәкәрім жастары.

Оқу орнында білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, оқытушылар мен қызметкерлердің парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Шешімдердің алқалы қабылдануы, академиялық қызметтердің цифрландырылуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасының құрылуы, осы бағытта арнайы мониторингтің жүргізілуі, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясат тұжырымдамасының қабылдануы, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу, «Адалдық сағаттардың» өткізілуі саналы ұрпақ үшін жасалып жатқан игі істердің бірі.

Саналы ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылық. Шәкәрім университетінде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің негізгі бағыттары қоғам дамуында кездесіп отырған келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, жастарды қоғам талаптары мен сын-қатерлі болашаққа барынша дайын, толыққанды азамат ретінде қалыптастыруға байланысты анықталған.