Шәкәрім университетінің баспасөз қызметістуденттер, колледж, жұмыс берушілер күні

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ «ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІН» АТАП ӨТТІ

Кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Шәкәрім жоғары колледжі «Жұмыс берушілер күнін» атап өтті. Аталған іс-шараны өткізу барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір мезгілде жоспарланған.
Іс-шараның негізгі міндеттері мен мақсаты:
- өнеркәсіпті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату;
- жұмыс берушілердің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің міндеттері мен мазмұнын айқындауға қосқан үлесінің өзектілігін арттыру;
- білім алушылар мен жұмыс беруші кәсіпорындар мен оқу мекемелерінің арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Жиын барысында жұмыс беруші ұйымдардың жетекшілері баяндама жасап, білім алушылардың көкейлерінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауаптарын берді. Іс-шараға қатысушылар:
1. Байғалиев Еркебұлан Қадырұлы - Абай облысының ветеринариялық басқармасының "Семей Вет" директорының орынбасары;
2. Балтабаева Венера Кабылкажиновна -"№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ директорының орынбасары;
3. Тұрлыбеков Қаршыға Мұратханұлы - Республикалық орман шаруашылығы селекциялық-тұқым орталығының инженері;
5. Аханов Далелхан Даулетханович - Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің инженері;
6. Санатов Кайржан Рахметоллаевич – Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің инженері.
Кеште диалог алаң құрылып, кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері көтерілді. Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Тоты Абдикаримова жұмыс берушілерге ынтымақтастықты одан әрі жалғастырып, алғыс хат табыстады.