Бүгін қаралы күн... 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Естеліктері ешқашан ескірмейтін осы күнді шәкәрімдіктер ескерусіз қалдырған жоқ.
Киелі Абай елінің қара шаңырағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Еске алу рәсіміне университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және қаланың ШҚО мемлекеттік архивінің басшылығы қатысты.
Шара «Үш анық» конференц-залындағы «Ертіс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық: трагедия тарихы» атты ғылыми-танымдық семинармен жалғасын тапты.