Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қазан 2021шалабай, сапар

«ШАЛАБАЙ» ЖШС ІС-ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

2021 жылдың 08 қазанында Шәкәрім университетінің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында орналасқан «Шалабай» ЖШС іс-тәжірибе базасына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапардың басты мақсаты 5В120100 «Ветеринарлық медицина» мамандығының бітіруші курс білім алушыларымен іс-тәжірибе базасының жабдықталу жағдайымен және өндірістік іс-тәжірибе өту шарттарымен танысу, сондай-ақ олардың бекітілген іс-тәжірибе бағдарламаларына сәйкестігі, мамандарды даярлау сапасы мәселелері бойынша іс-тәжірибе базасындағы басшылармен кері байланыс орнату, дуалды оқытуды жүзеге асыру және түлектерді ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау болды.

Іс-сапар нәтижесінде дуалды оқытуды ұйымдастыру және кәсіби іс-тәжірибеден өту бойынша жұмыс бағыттары айқындалды.