Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 мамыр 2022кабинет, шәкәрім оқулары

ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНА

Ауқымды форумның екінші күні қонақтардың Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. «SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында "Ақтайлақ би атындағы шешендік өнер" дәрісханасының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты жиынға университет басшылығы, Түркия Республикасының және отандық жетекші ғалымдары, қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алғы сөз алған Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков игі шараның маңыздылығын тоқталып, дәрісхананың жабдықталуына ат салысып, қомақты қаражатпен көмек көрсеткен меценаттар, түлектерге және факультет ұжымына алғысын білдірді.
Бауыржан Аманкелдіұлы:
"Қара шаңырақта жақсы дәстүрге айналған үрдіс бар. Ол шапағаты жалпақ қазақ жұртына жеткен туған өлкемізге белгілі азаматтар атында атаулы кабинеттер ашу. "Семей рухы" кешендік жобасы аясында 20-ға жуық оқу кабинеттер мен кітапханалар ашылды. Ақтайлақ Байқараұлы атақты би, алты алашқа мәшһүр болған дүлдүл шешен, дара тұлғалардың бірі болған. Дәрісхананың ашылуы жастарға үлгі – өнеге болатыны сөзсіз".
Лента қию рәсімін ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Еспенбетов пен Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессоры Г.Құрмағалиева-Ерджиласунға берілді.
Құттықтау сөз сөйлеген ф.ғ.д., профессор Арап Слямұлы бүгінгі таңда шешендік өнер мектеп табалдырығынан бастап оқытылуы керек екендігін тілге тиек етіп, М.Әуезовтің «Таң» журналының 1925 жылғы №2 санында «Сыбан Ақтайлақ би» деп жариялаған әңгімесінің көшірмесін сыйға тартты.
Дәрісханада шешендік өнердің мазмұны, Ақтайлақ би туралы, ақындық пен шешендіктің ордасы, өнегелі өнер мектебі мен бабалар тарихындағы алып тұлғалар жайлы ақпараттар жинақталған.
Игі шара "Шәкәрім оқулары - 2022" халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференциясымен жалғасын тапты.