Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 наурыз 2023спорт, наурыздың 10 күндігі, шымырлық пен шеберлік

ШЫМЫРЛЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК КҮНІ ӨТТІ

Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Осы орайда Жаратылыстану-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күні» аталып өтті.
-Асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді,- дейді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары.
Жиын барысында білім алушылар үшін арқан тартыс, асық ойнау, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және т.б. сынды ұлттық ойындар өткізілді.
Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз.