Қарағанды облысында бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXХVIІ халықаралық турнир өтуде. Турнир 17 желтоқсанда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында басталды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдан келген 110 спортшы біріншілік жүлделеріне таласуда.
Сайыс нәтижесінде 63,5 келі салмақта Шәкәрім университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Нұртаев Бекзат 3- орынға ие болды.
Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бірінші турнир 1984 жылы желтоқсанда өтті. Бұл халықаралық чемпионаттың танымалдылығы 40 жылға жуық уақыт бойы сақталып келеді.
Спортшымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!