Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 қараша 2022кездесу, жемқорлықты алдын алу

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 2 ақпанындағы Жарлығына сәйкес ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасын бекітті.
Осыған орай, Шәкәрім университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов аймақтың кәсіпкерлері мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жиын өткізді.
Департамент басшылығының айтуынша, агенттіктің негізгі міндеті – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын іске асыру мақсатында бірқатар жоспарлар мен міндеттер әзірленді. Негізгі бағыттардың ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, бизнестің парасаттылығы және экономикаға мемлекеттің қатысуын төмендету.
Квазимемлекеттік секторларда комплаенс-қызметі жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.
Кездесу барысында кәсіпкерлер полиция, медицина, сот, білім, құрылыс және т.б. сала мамандары сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келген жағдаяттарды баяндады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар назарға алынды.
Құрметті оқырмандар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы азаматтардың хабарламалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай call-орталығының #1424 телефоны бойынша тәулік бойы қабылданады.