Шәкәрім университетінде "Табысты тұлғалардың дәрісі" жобасы аясында қазақстандық химия пәнінің мұғалімі, TikTok-та бір миллион жазылушысы бар Ұлан Үсеновпен кездесу өтті.
Ұлан Үсенов – Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп, елге танымал болған, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.
Химия мұғаліміне деген танымалдылық Tik-Tok әлеуметтік желісі арқылы мүмкін болды. Ұлан өз тақырыбын аниме мен музыка арқылы түсіндіреді. 10 күн ішінде танымал ұстазға 100 мың адам жазылды. Ұлан Үсеновтың айтуынша, химияға қызығушылық танытқан 100 мың адам бар. Қазір оның Tik-Tok парақшасындағы жазылушылар саны 1,2 миллионнан асады, ал Instagram-дағы шығармашылықты 160 мың қолданушы бақылайды.
Тағылымды кездесуде қадірлі мейман болашақ ұстаздарға әрдайым ізденісте болу керектігін айтып, химия саласына байланысты тренинг-кеңестер өткізді.