Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 қазан 2023ынтымақтастық, тарих және археология саласы

ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Осы ретте, бүгін Шәкәрім университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Алғы сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Думан Орынбеков археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, зерттеу мәселесіне келгенде университететте жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр бар екендігін ерекше атап өтіп, бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы тағылымды шара білім беру саласында зерттеу нәтижелерін қолдануды күшейтетіндігін, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға ықпал ететіндігін, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратындығын айтты.
Басқосуда «Ертістің Семей өңіріндегі археологиялық зерттеулер тарихына»
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Тарих және құқық кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Исин Амантай, «Археология саласына қажетті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері: Шәкәрім университетінің мысалында»
Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. – Ақан Оңғарұлы , Көкентау археологиялық кешенінің ерте темір дәуірі ескерткіштері» Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD Азат Айтқали, «Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына икемдеу ісіндегі жазғы археологиялық мектептердің маңызы»
Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушы ассистенті, археолог Айдын Жүнісханов баяндама жасады.
Алдағы уақытта тараптар киелі Абай өңірінің тарихын зерттеу аясында ғылым саласында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыратын болады.