Бүгін Шәкәрім университетіне ҚР Үндістан елшілігі мәдени орталығының бірінші хатшысы Санжай Веди мырза келді.
Кездесу барысында Халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдерімен білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара іс-қимылдың бағыттары талқыланды.
Санжай Веди мырза Үндістан үкіметімен академиялық ұтқырлық, тіл курстары, қос дипломды білім беру және елдің жетекші университеттерімен бірлескен бағдарламалар аясындағы гранттық...
Университет ғалымдары Германияға Erasmus+ KazDual – "Қазақстанда дуалды оқыту жүйесін енгізу" жобасы аясында Магдебургтегі Отто фон Герике университетіне келді.
Қазақстан командасы Шәкәрім университетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің және Семей қаласының Электротехникалық колледжінің...
2021-2023 жылдары жүзеге асырылатын «STEM-білім беру және үштілділік жағдайында білім беру үдерісін жобалаудың инновациялық модельдерін әзірлеу негізінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау» (AP09260305) ғылыми жобасының негізінде, 2022 жылдың 13-14 маусым аралығында ғылыми жоба жетекшісі, доцент Жолымбаев О.М. STEAM JasSpace бағдарламасын жүзеге асыратын «Орталық Азияның Еуразиялық Қоры» ҚҚ шақыруымен Х.Досмұхамедов...
Шәкәрім университеті мен ҚР Журналистер Одағы Абай облыстық филиалының бірлескен «Shakarim Media Week – 2022» апталығы аясында өңірдің масс-медиа және коммуникация өкілдерінің диалогтық алаңы ұйымдастырылды.
Шара барысында Шәкәрім университеті мен ҚР Журналистер Одағы Абай облыстық филиалы өзара меморандумға қол қойды.
Алғашқы басқосу жиынының мақсаты – облыстағы медиа өкілдерінің қарым-қатынасын нығайту,...
"Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасының білім алушылары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "Сарыарқа" БЖК (Щучинск қ.) базасында 2022 жылғы "Климаттың өзгеруіндегі табиғи ресурстардың рөлі" VIII Халықаралық жазғы мектебінде екі апталық оқудан өтті. Студенттер Шәкәрім университет ректорына Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековке, ветеринария және агроменеджмент факультетінің барлық профессорлық-оқытушылық құрамына,...
Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту біздің университетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі. Университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығының қызметі Шәкәрім университетінің дүниежүзілік білім және ғылым кеңістігіне кірігуінің ең маңызды бөлігі болып табылады.
Осы орайда бүгін Шәкәрім шаңырағында «Korean Studie» қосдипломды білім беру бағдарламасының тұсауы кесілді. Бұл Kyungdong University Global білім ордасымен ынтымақтастық туралы келісімге...
Бүгін Shakarim University Оңтүстік Корея Республикасының Къюнгдонг Университетінің делегациясын қабылдады.
Екіжақты келісімнің негізгі мақсаты стратегиялық көпвекторлы әріптестікті, академиялық, зерттеу, ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Бүгінгі жиында тараптар алмасу, білім және ғылым саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығының даму келешегін талқылады.
Сапар барысында Басқарма төрағасы, профессор Бауыржан Ердембеков пен Kyungdong University Global...
Шәкәрім университетінде халықаралық ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Shakarim International-Collaboration Centre ЖОО қызметін әлемдік білім және ғылым тәжірибесінің қоржынына біріктірудің маңызды бөлігі.
Бүгін Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша күзгі семестрде шетелге оқуға баратын білім алушылармен кездесті. Студенттер Еуропаның жетекші ЖОО бірі...
Қазіргі уақытта мемлекет ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту және заманауи агротехнологиялар мен инновацияларды енгізу қажеттігін атап өтті.
Осы орайда, Шәкәрім шаңырағында «Абай облысындағы өсімдік шаруашылығында сапропельдің әлеуеті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы,...
Жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі трендтерінің бірі университеттерді интернационалдандыру болып табылады. Оның шеңберінде дәрістер оқу және бірлескен ғылыми ынтымақтастық үшін шетелдік рейтингтік жоғары оқу орындарынан жетекші шетелдік ғалымдар тартылады.
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап Памуккале университетінің (Түркия) PhD докторы, профессор Озай Өзпенже özay özpençe "Экономика және қаржы" кафедрасында жұмыс...
Әлеуметтік саланың іргелі тармағы – білім саласын заман талабына бейімдеу. Жоғары оқу орны мен мектеп білімді, еркін ойлы, ерік-жігері мықты ұрпақ тәрбиелеу бағытында бірлескен жобалар атқаруда.
Осы орайда Шәкәрім университетінің делегациясы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Сапар барысында Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Индира...
Шәкәрім университеті облыс мектептерімен өзара әріптестік байланыстарын арттыруға бағытталған кешенді жоспарын тұрақты түрде жүзеге асыруда. Ғылым мен жоғары білім және ағарту саласының оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық байланыстарын нығайтуға арналған «ЖОО - МЕКТЕП» жобасы талай жылдардан берi нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Shakarim University Семей қаласының білім бөлімі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 ЖОББМ» КММ-мен...
Бүгін Шәкәрім университетінде Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен (Сяньян қ., Қытай Халық Республикасы) университет басшылығының қатысуымен алғашқы ресми кездесу өтті. Кездесу online форматта ұйымдастырылды.
Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (NWAFU) Қытайдың ауылшаруашылық және азық-түлік технологиялары саласындағы ең ірі университеттерінің бірі. 25 мыңнан астам студенті бар оқу...
Бүгін Шәкәрім университетінде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен меморандумға қол қойылды. Шара бұрынғы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 70 жылдығы аясында өтті.
Шәкәрім университетінің басшысы Бауыржан Ердембеков пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры м.а. Ерғали Абдураимов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру...
Ғылым және жоғары білім министрлігі сапалы білім алу үшін ЖОО студенттері мен оқытушыларымен тәжірибе мен біліммен бөлісетін шетелдік мамандарды тарту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл өз кезегінде білім деңгейін арттырып қана қоймай, бүкіл әлемдегі оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.
Шәкәрім шаңырағы да осындай үрдістен қалыс қалмады. АҚШ азаматшасы...
Бүгін Шәкәрім университетіне шетелдік профессорларды оқу процесіне шақыру бағдарламасы аясында профессор Тибор Ковач келді. Профессор Ковач – Венгриядағы Паннония университетінің радиохимия және радиоэкология институтының қауымдастырылған профессоры, оқытушысы. Оның зерттеу тобы көптеген жылдар бойы табиғи радионуклидтерді өлшеумен, әртүрлі әдістерді әзірлеумен айналысады.
Профессордың негізгі зерттеу саласы табиғи түрде кездесетін альфа-сәулеленетін радиоизотоптарды зерттеу,...
Бүгін «ЖОО–МЕКТЕП» кластері аясында Шәкәрім университетінің ректоры бастаған Шәкәрім керуені Жарма ауданына жұмыс сапарымен барды.
Шәкәрім керуені ауданның 400-ге жуық оқушы, мұғалім, мектеп басшылары және түлектерімен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Басты мақсат мектеп түлектеріне мамандық таңдау бағытында кеңес беру, ҰБТ-дағы бейіндік пәндері бойынша шеберлік сабағы түріндегі көмек көрсету,...
Бүгін Шәкәрім университеті серіктестерімен бірге ашылған "Centrium" балалар, жасөспірімдер және жастарды дамыту орталығының тұсаукесерін өткізді.
Басты мақсат серіктес "Centrium" орталығымен бірлесіп Шәкәрім университетінің педагогикалық бағыттағы білім алушылары үшін практикалық алаң құру.
Жиында орталық пен Шәкәрім университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Рәсімге университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері...
Бүгін «Шәкәрім керуені» жобасы аясында Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков пен Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы Білім бөлімінің басшысы Қанат Шаймұратов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум «Мектеп – ЖОО» кластеріне қатысты тиімді жұмыс түрлерін жүзеге асыру, инновациялық білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайту, қосымша жалпы білім...
Бүгінгі таңда жаңа технологияларды меңгерген, заманауи еңбек нарығының жағдайына оңай бейімделетін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау бұрынғыдан да маңызды. Мәселені шешу жолдарының бірі – жұмыс берушілермен өзара белсенді әрекет пен әлеуметтік серіктестік.
Шәкәрім университетінде экономикалық өсуді білім беру арқылы реттеп, Орта Азиядағы кәсіпкерлік ойлауды насихаттаушы Almaty Management University...
Шәкәрім университетінде «Инженерлік білім – жаңа Қазақстан жетістікке жетудің кілті» диалогтық алаңы өтті. Кездесуге «Семей инжиниринг», «ҚТЖ – Жүк тасымалы», «Kondiz» ЖШС басшылығының өкілдері, «Мансап және жұмысқа орналастыру» бөлімі мен бітіруші курс студенттері қатысты. Жиында жұмыспен қамту және өндірістік іс-тәжірибе, дуалды оқыту, бірлескен ғылыми жобалар мәселелері талқыланды. Іс-шараны «Технологиялық жабдықтар...
Парижге ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуде.
Іс-сапар аясында Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының қазақ-француз жоғары оқу орындарының VII-ші форумы өтуде. Форум білім, ғылым және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Аталған форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі...
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің «Химиялық технология және экология» кафедрасымен «6B11201- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша университетаралық онлайн форматта Өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпта екі кафедраның оқытушылары М.М. Абдибаттаева, Базарбаева...
Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков Париждегі Франция және Қазақстан жоғары оқу орындарының VII форумы аясында Леонардо Да Винчи менеджмент мектебінің директоры Себастьен Тран мырзамен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында университет басшылары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, аталмыш оқу орнының кампусында стратегиялық әріптестік жөніндегі жоспарларды талқылады.
Леонардо да Винчи университеті...
Мемлекет жоғары білім беру саласының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін алға тартып, ЖОО техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аудару қажеттігін назарға алуда. Аталған бағытта Шәкәрім университеті қала мектептері, ЖОО мен кәсіпорындар арасында «Үштік оқыту моделі» жобасын іске асыруда.
Шәкәрім университетінің делегациясы «Семей инжиниринг» ЖШС бірлесіп, Семей қаласының №9 жалпы...
Бүгін Шәкәрім университетінің делегациясы ғылыми-техникалық инновациялар және даму аясында ШЫҰ елдерінің аграрлық университеттері ректорларының алғашқы форумына қатысты. Ұйымның 20 жылдығына орай өткізілген форумды Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ректоры Ву Путэ ұйымдастырды.
Халықаралық басқосу «ШЫҰ елдерінің білім, ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы: қиындық және мүмкіндік» тақырыбында өтті....
Шәкәрім университетінде «Радиоэкологиялық зерттеулер» ҒО базасында «Материалдардың бетін түрлендіру» ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті. Рәсімге ЖОО басшылары, шетелдік және отандық ғалымдар, Семей медициналық университеті, Plasma Science, Спектромарт ЖШС, Атомдық энергия институты, Ядролық медицина және онкология орталығы, "Семей инжиниринг" және өңірлік колледждердің өкілдері қатысты.
Ғылыми-зерттеу орталығын құру Шәкәрім университеті мен «PlasmaScience»...
Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, сүт безінің қатерлігі ісігі әйел адамдарда қатерлі ісіктердің ішінде бірінші орынды алады. Орташа есеппен біздің елде жылына 5000 науқас сүт безінің қатерлігі ісігіне шалдыққаны анықталса, 1200 науқас қайтыс болады. Қатерлі ісік ерте сатысында анықталса, онконауқастардың 95%-ы сәтті емделіп шығады.
Шәкәрім университетінің оқытушылары таяуда...
Шәкәрім университеті «Шәкәрім керуені» жобасын жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде университет делегациясы Аягөз, Үржар аудандарына екі күндік сапармен барып қайтты.
Басты мақсат – «Мектеп - ЖОО» кластері аясында Абай облысы аудандарының мектептерімен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жиын барысында «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізіліп, 1000-ға жуық жас...
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мен кәсіпкерлер Шәкәрім шаңырағында бас қосты. Жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді. Осы мақсатта, бүгін Шәкәрім шаңырағында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Ахметжанов Саян Қылышұлы кәсіпкерлер мен аймақтық...
Батыс Түрік қағанатының кіндік тамыры болған Көкпекті жері, Толағай тауының етегі – қасиетке толы өңір. Еліне, жеріне Асан қайғының жерұйығын сыйламақшы болған Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұста тау астында қалған деген аңыз бар... Киелі өңірден кешегі тоғыз Кеңес Одағының батыры, тоғыз Еңбек Ерлері, университет...
Тарихы тереңге бойлайтын Ақсуат өңірі – ел қамын ойлаған көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналғандар, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген, бүгінгі таңда да халықаралық, республикалық додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшыларды, өнерпаздар мен ғалымдарды өмірге әкелген...
Шәкәрім университеті «Мектеп-ЖОО» кластері аясында Абай облысының аудандары мен бірқатар мектептерімен ынтымақтастық орнатуда. «Шәкәрім керуені» кешенді жобасы аясында Үржар, Аягөз, Ақсуат, Көкпекті, Жарма аудандарын аралап, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған үрдісті жалғастыру мақсатында білім ордасында «11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Дулат Баитунов пен Басқарма...
Шыңғыстау – қазақтың рухани ордасы. Қаймағы бұзылмаған қазақылық қалпын сақтаған өңірге Шәкәрім университетінің делегациясы "Шәкәрім керуені" кешенді жобасы аясында жұмыс сапарымен келіп қайтты.
Бас қосуға университет басшылығы, Абай ауданы әкімдігі, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары және мектеп түлектері қатысты.
Сапардың бірінші бөлімінде алғы сөз сөйлеген Абай ауданының әкімі Нұржан...
Бүгін Шәкәрім университетінде «DARYN FEST» Абай облысы дарынды түлектерінің алғашқы форумы өтті. Бас қосуға 300-ге жуық «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлері, спорт, өнер саласындағы жетістікке жеткен білім алушылар қатысты. Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатымен ашылды.
Форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын...
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде 2029 жылға дейін Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатындығын мәлімдеген болатын.
Осы міндетті іске асыру мақсатында ҚР ҒжЖБ министрлігінің қолдауымен Шәкәрім университетіне Рочестер университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында қоғам қайраткері, ағартушы Hugh Hallman, Халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Daniel...
Постковидтік кезең ғалымдар мен зерттеушілерге ғылыми зерттеулерін әріптестеріне талқылауға, ұсыну үшін қайта кездесуге және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2023 жылдың 12-18 сәуір аралығында "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасының қауымд.профессорының м.а. Жұмаділов І.Т. Жапонияның ежелгі астанасы Нара қаласында өткен "Geotechnical Engineering for Cultural Heritage "GEO-SAKURA-2023" халықаралық воркшопына қатысып,...
Бүгін Шәкәрім университетіне АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Daniel Rosenblum мырза ресми сапармен келді. Делегация құрамында Daniel Rosenblum мырзаның жолдасы Мисс Sharon Waxman, Қоғамдық дипломатия бөлімінің басшысы Мисс Debra lo, Мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташенің орынбасары John Orak мырза, Қоғамдық дипломатия бөлімінің қызметкері Андрей Двирный және бағдарлама...
Екі жыл бойы Шәкәрім университеті Быдгощ Экономика университетімен тығыз жұмыс істейді. Оқу орны қызметкерлері біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады, ал студенттер академиялық ұтқырлық бойынша оқиды. Сонымен қатар, білім ордасының көптеген бірлескен халықаралық жобалары бар. Ұзақ уақыт бойы Шәкәрім университетінің базасында Польша университетінің филиалын ашуға байланысты келіссөздер жүргізілді.
Соның нәтижесі 2023 жылдың...
Бүгін Caterpillar Foundation қорының Президенті Аша Варгезе бастаған делегация жұмыс сапарымен Шәкәрім университетіне келді. Сапар аясында университет ректоры Думан Орынбеков американдық делегация өкілдерімен кездесіп, білім ордасының атқарылып келе жатқан ауқымды жобаларын таныстырды.
Аша Варгезе - Caterpillar қорының президенті. Өз рөлінде ол адамның негізгі қажеттіліктеріне, білім мен экологиялық тұрақтылық пен бүкіл...
Аспан асты елі Қытай Халық Республикасында Жібек жолы ауыл шаруашылығы білім беру және ғылыми инновациялар альянсының VIII халықаралық конференциясы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының II форумы өтуде. Басқосуға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстанның 46 университетінен, ғылыми-зерттеу мекемелері мен кәсіпорындарынан 150-ден астам өкіл қатысуда.
Шәкәрім...
Шәкәрім университеті – еліміздің Солтүстік-Шығыс өңірінде ауыл шаруашылығы және аграрлық салада мамандарды дайындап келе жатқан ЖОО-ның бірі. Биыл білім ордасы Жібек жолының ауыл шаруашылығы білімі және ғылыми-техникалық инновациялар Альянсына мүше болып кірді. Осы ретте, шәкәрімдік делегация Аспан асты Қытай елімен ынтымақтастық аясында бірқатар бірлескен жоспарларды атқармақ.
Мәселен, Shakarim University мен...
Әлемдегі барлық елдердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытын одан әрі дамыту үшін Мемлекет басшысы бірқатар бастамалар қабылдады. Соның бірі – «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын қайта жандандыру. Осы ретте, бүгін Шәкәрім университеті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті ынтымақтастық...
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков бастаған делегация «Semey Engineering» акционерлік қоғамына жұмыс сапарымен барып қайтты. Әлеуметтік серіктес "Семей Инжиниринг" - бронды танк техникасын күрделі жөндеу желісі бар өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Өз тарихын Орта Азия аймағындағы жалғыз бронды жөндеу зауыты 1976 жылы 2 шілдеде бастады.
Шәкәрім университеті мен "Семей Инжиниринг" арасындағы...
Шәкәрім университетінде ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің ұйымдастыруымен Michigan State University және қазақстандық университеттер өкілдерімен онлайн кездесу өтті.
Шәкәрім университеті «Америкалық академиялық хат орталықтары» бағдарламасына қатысу үшін ҚР төрт ЖОО-ның бірі болып таңдалды. Бұл бағдарлама Орталық Азия аймағының барлық аумағы бойынша бірегей бағдарлама болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының Баспасөз, мәдениет...
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков бастаған делегация өкілдері Курчатов қаласының Ядролық технологиялар паркіне жұмыс сапарымен барып қайтты.
Іс-сапар барысында делегация өкілдері Ядролық технологиялар паркінің материалдық-техникалық базасымен танысып, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары және зерттеу нәтижелерін көрді.
Ядролық технологиялар паркінің негізгі мақсаты - тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және жоғары технологиялық компаниялар мен...
Шәкәрім университетінің делегациясы ресми іс сапармен Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядролық орталығында болды. Шәкәрім университеті мен Ұлттық ядролық орталығы 1996 жылдан бастап тығыз әріптестік қарым-қатынаста. Қазіргі уақытта «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК білім ордасымен бірге Техникалық физика, жылу энергетикасы, экология және химия білім беру бағдарламалары аясында үш деңгейлі білім беру...
Өңірдегі кадрлар тапшылығын жою, білікті мамандар даярлау және мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында бүгін Шәкәрім университетінде «Open day of Shakarim University» іс-шаралар кешені бастау алды. Білім ордасының оқытушылары Абай облысы мектептерінің 600-ге жуық оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгімеледі.
Мектеп бітіруші түлектермен кездесу барысында университет ректоры Думан Орынбеков шараның негізгі...
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Осы ретте, бүгін Шәкәрім университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Алғы сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Думан Орынбеков археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, зерттеу мәселесіне келгенде университететте жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр бар...
Бүгін IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT – фестивалінде Шәкәрім университеті озық цифрлы технология саласындағы жетістіктерін ұсынды. Фестивальді «Абай облысының білім басқармасы» ММ, Абай облысы білім басқармасының «Инновациялық - әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты –...
Бүгін Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы - Ректор Думан Орынбеков бастаған делегация «Болашақ» халықаралық стипендиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты. Форумда АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания, Швейцария, Румыния, Литва, БАӘ, Нидерланды, Грузия және Түркияның ірі университеттерінің өкілдері де болды.
Шара...
Санкт-Петербург қаласында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Университет алаңында XV Еуразиялық ғылыми форумы өтті. Форумға білім ордасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Нұрғазезова мен Коммерцияландыру және инновациялар орталығының басшысы А.Байқадамова қатысты.
Еуразиялық ғылыми форум Үлкен Еуразия мемлекеттерінің ғылым, мемлекеттік билік, бизнес және мәдениет қайраткерлері үшін халықаралық диалог алаңы...
Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы әлемдік қауымдастықпен белсенді араласып, білім мен тәжірибе алмасуға талмай күш салуда. Бүгін ШЫҰ елдеріндегі заманауи ауыл шаруашылығын дамыту бойынша онлайн семинарлардың тоғызыншы отырысы өтті.
Онлайн-семинарда техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жайнагүл Какимова «Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтардағы сүт шикізаты қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндамасын ұсынды....
Shakarim University мен Абай облысы Білім басқармасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум – өңірдегі білім беруді дамыту мен кадрлар даярлаудағы маңызды қадам. Оның көмегімен университет пен мемлекеттік орган аймақтың интеллектуалды және экономикалық дамуына ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын құру үшін күш біріктіреді.
Басты мақсат – университет студенттеріне...
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» РММ және Shakarim University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық мемлекеттік қызметпен байланысты психологиялық бағыт бойынша оқытудың және ғылыми жұмыстың заманауи әдістерін енгізу үшін мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда білім ордасының «Психология» кафедрасы аталған мекемемен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті.
Меморандумның басты мақсаты...
Shakarim University өзінің халықаралық байланыстары мен бастамаларын белсенді дамытуда. Бұл жолы университет делегациясы жергілікті студенттер мен талапкерлер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Моңғолия еліне барып қайтты.
Басты мақсат - Баян-Өлгий аймағының мектебін бітіруші 12-сынып оқушыларына ҚР ЖОО-ғы дайындық бөлімі туралы этникалық ұлты қазақ азаматтарын оқытуға арналған квота туралы...
Халықаралық академиялық байланыстарды нығайту аясында Польша елінің Адам Мицкевич университетінің докторанттары Шәкәрім университетінде тағылымдамадан өтуге келді. Бұл сапар қос тараптың ынтымақтастығы арқылы мүмкін болып, радиоэкологиялық зерттеулер бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Докторанттар Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығында жұмысқа кірісіп, бірқатар эксперименттер мен зерттеулер жүргізуде. Shakarim University ұйымдастырған Ғылым апталығы аясында...
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Бүгінде Shakarim University шетелдік жоғарғы оқу орындарымен тәжірибе алмасуын жалғастыруда. 2024 жылдың басынан бері Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің бірқатар ғалымдары Түркия елінде ғылыми тағылымдамадан өтсе, ендігі кезекте Жібек елі атанған Қытай мемлекетінің Солтүстік-Батыс ауыл және...
Shakarim Univeristy оқытушылары PhD доктор Құралай Адильжанова және әлеуметтік ғылымдар магистрі Мадина Тезекбаева Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті мен Біліктілікті арттыру мен қайта даярлау институтына «Дағдарыс жағдайларында көмек көрсету бойынша педагог-психологтың жұмысы» бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыруға шақырылды.
Аталған елге сапардың мақсаты - үздіксіз мамандандырылған даярлық...
Бүгін ректор Думан Орынбеков бастаған Shakarim University өкілдері Сиань көлік университетінің (Xi’an Jiaotong University) Ұлттық технологиялар трансферті (National Technology Transfer Center) орталығымен танысты. Жұмыс барысында екі жақты ынтымақтастық туралы алдын-ала келіссөздер жүргізіліп, келесі айда келісімшартқа қол қою жоспарланды.
Қытай тарапынан кездесуге Ұлттық технологиялар трансферті орталығының директоры Ван Вэнь, Вэйнань...