Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 сәуір 2022колледж

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Шәкәрім жоғары колледжінде 18 сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» атты аймақтық қашықтықтан байқауы Шығыс Қазақстан облысының орта мектептерінің 8-11сынып оқушылары арасында  Оnline режимінде өтті.

Байқаудың бірінші турда оқушылар  «Тіл білімінің алтын діңгегі–Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында эссе жазса, екінші турда «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаштың айбынды тағылымы» тақырыбында презентацияны қорғады.

Нәтижесінде I орынды Шәкәрім атындағы «Үш тілді оқыту» көпбейінді гимназияның оқушысы Бейсенбекова Ажар, II орынды Семей қаласы «№4 ЖОББМ» КММ оқушысы Саматқызы Қырмызы және Семей қаласы «№3 ЖОББМ» КММ оқушысы Мейрбаева Айдана, III орынды «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Төлеутай Перизат, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ оқушылары Өмірбекова Айгерім, Шарпжанова Айжан Нұржанқызы иеленді.