Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қазан 2022графика, дуалды оқыту

ҰЛТТЫҚ КЛИПАРТ ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЫ

Клип-арт немесе клипарт – біртұтас графикалық дизайнды құруға арналған графикалық дизайн элементтерінің жиынтығы. Бұл дизайндық әзірлеменің түрі бүгінде әлемдік деңгейде Adobe Illustrator және Open Clip Art Library клипарттық-кітапханалар бойынша сурет үлгісінде әртүрлі әрі жан-жақты дамытылған. Өкінішке орай қазақ ұғымына сай келетін ұлттық клипарт графикалық дизайн элементтерінің үлгілері дәл қазіргі кезде некен-саяқ.
Осы орайда Өнер және музыка кафедрасының аға оқытушысы Еркебұлан Татиев ИЗО-901 тобымен кезекті семестрлік кезеңде клипарттық дизайн элементтері үлгілерін жасау үстінде.
Әзірге ұлттық ою түрлерінің дизайн элементтері CorelDRAW бағдарламасында дайындалып, олардың шығармашылық деңгейдегі композициялық құрылымдары әзірленуде. Студенттер бір жағынан клипарттық мақсатта қазақ ою-өрнектерін аталған бағдарламада өңдеп, қоғамға дизайндік элементтерін дайындаса, екінші жағынан оқу үрдісі аясында жеке композициялық құрылыммен шығармашылық дағдыларын арттыруда.
««Компьютерлік графика» сабағы университеттің оқу бағдарламасына сай өткізілгенімен, үстіміздегі жылды кафедраның «Өнер әлеуметтануы» жылы оның ішінде «Дизайн коммуникациясы» деген атаумен тығыз байланысты екендігін де еске салады. Бұл дегеніміз дизайн коммуникациясы тек аталмыш пәндегі клипарттық дизайндік элементтерін жай әзірлеу ғана емес, оның «Маркетингтік алтын ережемен» байланысын дәріптеу»,- дейді аға оқытушы Еркебұлан Ертісұлы.