Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі18 қаңтар 2022

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шәкәрім университетінің басшылығы Zoom, Facebook, Instagram платформаларында студенттермен онлайн-кездесу өткізді, оған білім алушылардың 80% - дан астамы қатысты.

Екінші жартыжылдықта оқу үрдісін ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Индира Оралқанова Шәкәрім университеті студенттеріне келесі апта оқу қандай форматта болатынын, оқуға байланысты т.б. жайларды егжей-тегжейлі айтып берді.

Төтенше жағдайға байланысты демалыс 24 қаңтарға дейін ұзартылған болатын. Ағымдағы оқу жылының екінші жартыжылдығы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты, білім беру аралас форматқа көшеді. Дәрістер онлайн, ал семинарлық, тәжірибелік және зертханалық сабақтар эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткізілетін болады. 1-4 курс бакалавриаты үшін (атап айтқанда, "Ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" және "Дизайн" мамандықтарының 4 курсы)

Магистратура мен докторантурада білім алатын 1-курс үшін үшін оқыту толығымен офлайн форматта жүргізілетін болады. Яғни, оқу ғимараттарындағы сабақтардың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу қажет. Бұл ретте барлық санитарлық талаптар, яғни қашықтықты сақтау, бетперде кию, қолды санитайзерлермен өңдеу қатаң сақталуы тиіс.

Сондай-ақ, 24 қаңтардан бастап педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының 2-4 курс білім алушыларында онлайн форматта (тиісінше мектеп мекемелері оффлайн форматқа көшкенге дейін) өтетін іс-тәжірибе басталады.

Проректор: ,,Қалған мамандықтарда практикадан өтетін ұйымның қалай қабылдайтынына байланысты. Егер, практика базасы сізді офлайн форматта қабылдайтын болса, онда сіз практикадан офлайн режимде өтесіз. Егер желіде болса, онда сәйкесінше-онлайн форматта. Сондықтан тәжірибе жетекшілерімен әрдайым байланыста болуыңызды сұраймыз,,- деп түйіндеді.

Егер студенттерде ЖРВИ белгілері байқалса, онда олар кураторларға немесе декандардың орынбасарларына шұғыл түрде хабарлау қажет.

Ауырған жағдайда студенттің қолында міндетті түрде растайтын құжат, атап айтқанда ауру туралы анықтама болуы тиіс.

Сондай-ақ, тікелей эфир барысында студенттерден келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берілді, олар тек оқу форматына ғана емес, сонымен қатар студенттік үйде тұру ережелеріне, сондай-ақ санитарлық нормалар мен стипендияларды қамтамасыз етуге қатысты болды.

Бүгінгі біздің басты мақсатымыз-білім алушыларымызға сапалы білім беру және оларды жан-жақты дамыту. Біздің ЖОО – ның маңызды міндеттерінің бірі мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ олардың кәсіби қажеттілігін сақтау және күшейту болып табылады.

Құрметті студенттер, университет ғимараттарына кіру жасыл және көк мәртебесі бар "Ashyq" қосымшасы арқылы екенін еске саламыз!