Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 қыркүйек 2023кездесу, талқылау, ұсыныс-пікір

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков Гуманитарлық-экономика факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында факультеттің атқарылған жұмыстарымен танысып, алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Жиында Басқарма төрағасы профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, білім, ғылым, инфраструктура, жылу жүйесі және т.б. мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Айта кетейік, аталған кездесу басқа да факультеттер де жалғасын табады.