Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 желтоқсан 2022білім алушы, жас спортшылар, сәттілік тілейміз!

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІНЕ СӘТТІЛІК!

Шәкәрім университетінің студенті Алтынбек Қалмақбаев 14 желтоқсан күні қазақ күресінен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады. Жарысқа әлемнің 40 елінен 350-ден астам балуан қатысады.
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары, халықаралық дәрежедегі төрешілер Айбек Жұманбаев пен Болат Ақжігітов әлем чемпионатында төрелік етеді.
Байрақты бәсекені INSPORT ютуб каналынан көре аласыздар. Ертең сағат 11:00-ден бастап жас спортшымызға жанкүйер болайық! Алтынбектің асығы алшысынан түссін! Сәттілік!