Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 ақпан 2022студенты, спорт

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

 
Алматы облысында шаңғы жарысынан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
Кіл мықтылар жиналған сайыста Шәкәрім шаңырағының білім алушылары жақсы нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер арасында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 1 курс студенті Темірлан Төлегенов қола жүлдеге ие болды.
Қыздар арасында 1, 10 , 15 км қашықтықта 2 курс студенті Камила Махмутова екі алтын, бір қола медальды қанжығасына байлады. Камила Норвегия елінде өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Чемпионатта тамаша нәтиже көрсеткен спортшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!