Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 ақпан 2023звездные выпускники, гордость вуза

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Университет түлегі Ербол Мырзабосынов ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Ербол Мырзабосынов – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Түлегімізді жаңа қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтай отыра толағай табыс тілейміз. Шәкәрім мекені әрқашанда өз түлектерімен мақтанады.