Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 сәуір 2024сотрудничество, халықаралық ынтымақтастық

ВАРШАВА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА

Shakarim University халықаралық ынтымақтастыққа көп көңіл бөледі. Бүгінде университетте әлемнің беделді жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы 50 қолданыстағы шарт пен меморандум бар.

Осы ретте, оқу ордасының «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне Польша елінің Варшава Политехникалық университетінің профессоры, PhD., Dr.Sc., Agnieshka Dabska дәріс оқуда.

Шақырылған профессор – құрылыс саласының гидротехника, геотехника, ғимараттар мен құрылымдардың іргетастары мен негіздері, құрылыс конструкцияларын зерттейтін халықаралық жетекші мамандардың бірі. Профессор Agnieshka Dabska Семей қаласына алғаш рет келгендіктен Абай мұражайын аралау барысында қазақтың дарынды ғұламалары Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің өмірі мен туындыларымен танысты.
Іргетасы 1826 жылы қаланған Еуропада және бүкіл әлемде танылған Варшава политехникалық университеті халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қосқан үлесін үнемі арттырып келеді. Бүгінгі таңда университет Халықаралық бизнес мектебінен және 20 факультеттен тұрады, олар техниканың барлық салаларын қамтиды. Аталған ЖОО-мен ынтымақтастықты аясын кеңейту жоспарда бар.