Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 сәуір 2022колледж

ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР

Бүгін 12 сәуір "Ғылым күніне" орай  Шәкәрім жоғары колледжінің "Студенттік кеңес ұйымы" ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттер арасында волейболдан жарыс өтті. 

Жарысқа барлығы 6 команда (ВМ-11 "Pride", ЧС-11 "Карасуно", СБК-11, НО-21 "Винкс", ЧС-301 "Қыран", Студ. кеңес ) қатысып, командалық топтар өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  1. "Қыран" командасы,
  2. "Карасуно" командасы,
  3.  "Студенттік кеңес" командалары жүлделі орындарға  ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты студенттердің достық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын ұстану.