Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қазан 2022түлектер, келелі кездесу

ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ АЗАМАТ, ШӘКӘРІМ ТҮЛЕГІ ҚАРА ШАҢЫРАҚТА!

Балтабек Мұқашев – «Тарих» мамандығы бойынша білім алған Шәкәрім университетінің 1991 жылғы түлегі. Әлемдік деңгейдегі ірі жобаларды қолға алған атымтай жомарттың білім саласына қатысты жұмыстары да аз емес: Білімхана (Қазақстан мен Қырғызстан бойынша 19 мектеп ашылған), EPG (Prometheus school, Bugin holding). Сонымен қатар, "Eurasia Gold" ЖШС, "Eurasia Roads корпорациясы, «Eurasia RED» «HOME MART» және т.б. компанияларының құрылтайшысы. #Forbes журналының "Үздік қазақстандық 50 ірі кәсіпкердің" арасында алдыңғы қатардан топ жарып келеді.
Бүгін университетте шығыс өңірінен шыққан беделді кәсіпкермен сәтті кездесу өтті.
Жетістіктер белесінде жүрген университет түлегімен кездесуге университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушы жастар қатысты.
Туған жерді түлету – азаматтық парыз. Өңірімізде ел сенімін ақтап жүрген кәсіпкерлер некен-саяқ. Солардың бірі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген танымал бизнес өкілі – Балтабек Мұқашев.
Университет басшысы Бауыржан Ердембеков: «Осындай атымтай азаматтарды күллі қазақ жұрты тануы тиіс! Балтабек Мұқашев қазақ ұрпағы үшін заманауи мектептер салуда. Алдағы уақытта Шәкәрім шаңырағымен бірлесіп үш тілді білім беретін мектеп ашу жобасын қарастыруда. Бұл дуалды оқыту мен қатар болашақ маман иелерінің кадрлық әлеуетін жақсартуға үлкен жол ашады».
Меценат халықаралық еңбек нарығы жaғдайда Қазақ елін өркендету үшін жастар мемлекет тарихы мен дүниежүзі тарихын қалай оқып тануы тиіс? Әлем өркениетіндегі тұлғаларды білудегі негізгі мәселелер?! Қатысушылар дәл осы қазіргі қалыптасқан саяси және экономикалық жағдаяттар негізінде бүгінгі күнді түсіну үшін өткеннен сыр шертетін әлемдік «ВBC World History Magazine» басылымының қазақ және орыс тілдерінде аударылып қазақстандық оқырмандарға жол тартқанынан хабардар болды. Жоба авторы Балтабек Құмарұлы мазмұнды басылымның таныстырылым рәсімін өткізіп, Ғылыми кітапханаға журналдардың және құнды кітаптардың бірнеше данасын сыйға тартты.
Келелі кездесуге жиналған жас ғалымдар, профессор-оқытушылар және білім алушылар университет түлегімен тарихтың іргелі мәселелері жайлы пікір алмасып, Балтабек Құмарұлына сабақ берген тарихшы ұстаздары хақында естеліктерін тыңдады.
Түлектерімізді болашақ ізбасарларына үлгі ету, насихаттау – Шәкәрім шаңырағының басты парызы!
Университет түлегі Балтабек Құмарұлына алғысымыз шексіз!