«Бар ғылымның түп атасы – таза ақылмен ойлану» деген Шәкәрімнің қанатты сөзімен басталған Ғылым апталығы өз мәресіне жетті. Талантты жастарды қолдайтын 50-ге жуық түрлі деңгейдегі ғылыми-инновациялық іс-шараларға жиыны 3000-нан астам жас ғалымдар, ізденуші студенттер қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген университет басшысы Б.Ердембеков Қазақстан ғылымындағы соңғы жылдардағы оң өзгерістер отандық, соның ішінде университет ғылымының дамуына серпін беретініне сенімді екендігін ерекше атап өтті.
- Мемлекет басшысының отандық университеттердің жанынан танымал шетелдік жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы шешімі де оң нәтиже беріп жатқанын қуанышпен айтуға болады. Бұдан былай білім-ғылым қуған қазақ жастары шетелдік сапалы білімді өз елінде алу мүмкіндігіне ие болуда. Осы орайда Шәкәрім университеті де шетелдік оқу орнының филиалын ашу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Бұл Сіздердің еңбектеріңіздің мәуелі жемісі деп білемін. Атқарылған істер, жеткен жетістіктер мол болғанымен, алдымызда жаңа күрделі міндеттер тұр. Алдымызға зор мақсаттар қойылып отыр. Ол асуларға таза еңбекпен, асқан жауапкершілікпен, ғылымның мұраттарына деген адалдықпен жететіндігімізге кәміл сенімдімін. Ғылым саласын дамытудағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!-деді Б.Аманкелдіұлы.
Салтанатты шарада Ғылым апталығының қорытындысы туралы Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Ж.Қалибекқызы баяндама жасады.
-Республикалық, облыстық және университеттік деңгейдегі ғылыми зерттеулер конкурстары, шетелдік ғалымдардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, ғылыми орталықтар бойынша экскурсиялар, шеберлік сыныптар, зияткерлік ойындар, викториналар, көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бірқатар мамандандырылған кабинеттер мен физика мұражайы ашылды. Барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімшелерге белсенді қатысқаны үшін ризашылығымды білдіремін, - деді проректор.
Жиын барысында саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған көрнекті ғалымдар ұлықталды. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Маусымбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Какимов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Е.Есенжолов еліміздің жоғары мектебіне білікті ғылыми кадрлар даярлағаны үшін университеттің «Құрметті профессоры» атағына ие болды.
«Шәкәрім медалі» оқу орнының бірқатар профессор-оқытушылар құрамы Ж.Қалибекқызы, Қ.Құрмамбаева мен бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқан ЖОО-ның стратегиялық серіктестері А.Суйчинов пен Б.Рахадиловке табыс етілді. Университет ғалымдары С.Дюсембаев, О.Степанова, А.Смағұлова, Е.Евлампиева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Басқарма төрағасы – Ректор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлының алғыс хаты техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.Әмірхановқа, экономика ғылымдарының кандидаты К.Хасеноваға, Ақпараттық технологияларды автоматтандыру және қала құрылысы кафедрасының магистрі Т.Устиноваға берілді.
Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша конкурстың жеңімпаздарына жиыны бір миллион теңге көлемінде қаржылай ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Олардың қатарында:
- "Үздік факультет" - Инженерлік-технологиялық факультеті;
- "Үздік кафедра" - Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы;
- "Үздік ғалым" - филология ғылымдарының кандидаты Исмаилова Гайнигуль;
- "Үздік жас ғалым" - физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының магистранты оқытушысы Кусаинов Ринат;
- "Үздік магистрант" - "Техникалық физика" мамандығының магистранты Жасұлан Айнұр.
Магистранттар мен докторанттардың зерттеу қызметін жандандыру, сондай-ақ, олардың шығармашылық және ғылыми өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау мақсатында университетте жыл сайын магистранттар мен докторанттар арасында "SHAKARIM POSTER EVENT - 2023" байқауы өткізіледі. Биылғы жылы байқауға 35 постерлік баяндама ұсынылды. Үздіктер арнайы тағайындалған «Шәкәрім» стипендиясының иегері атанды.
50-ге жуық іс-шараны қамтыған Ғылым апталығы Шәкәрім шаңырағында қортыланды. Әл-Фараби бабамыздың «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» сөзі әрқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Оқу орны ғылым кеңістігіндегі орнын нақтылап, білім және ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінуде. Бұның бір ғана дәлелі – үздік ғалымдар мен жас ізденушілердің жетістігі. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық ізденіс пен табыс тілейміз!