Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2023семей рухы, кабинет ашылу, университет қаражаты

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАҢАРҒАН ДӘРІСХАНА

Шәкәрім шаңырағында дәстүрге айналған тамаша бір үрдіс бар. Ол белгілі тұлғалардың есімімен оқу кабинеттерін ашу. Осы уақытқа дейін әйгілі тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында қара шаңырақта 60-қа жуық кабинеттер мен ғылыми кітапханалар ашылды. Бүгінгі тағылымды шара Ветеринария және агроменеджмент факультетінде болды.
Осы ретте бүгін Шәкәрім шаңырағында университет түлегі, қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы дәрісханасы университет қаражаты есебінен толығымен жаңартылып, пайдалануға берілді.
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» орденінің иегері.
Жаңадан жасақталған дәрісхананың ашылуына университет басшылығы, зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, замандастары, ұрпақтары мен білім алушылар қатысты.