Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 шілде 2024жақсылық үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның кәсіби спорт тарихындағы аңыз: : «Жеңуім керек, болмаса осы кілемде өлуім керек»

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның кәсіби спорт тарихындағы аңыз: : «Жеңуім керек, болмаса осы кілемде өлуім керек»

Алғашқы Олимпиада ойындарының чемпионы Семей зооветеринариялық институтының түлегі болды.

Парижде, Олимпиада ойындарының бірінші күні 27 шілдеде, алғашқы Қазақстан чемпионы дзюдошы Елдос Сметов болды. Шәкәрім университеті даңқты қазақ спортсмені Жақсылық Үшкемпіровтың, Семей зооветеринариялық институтының түлегінің Олимпиадалық ойындардың алғашқы қазақ чемпионы болғанын еске салады.

Студенттік кезінде кәсіби спортпен шұғылданамын деп ойланбаған, бірақ конькимен жүгіруден емтихан тапсыру әрекеті оны еркін күреске алып келеді.  Барлығы өте қарапайым басталған еді. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, шаңғы спорты мен еркін күресті бірге жүргізетін, оны жаттығуға баруға мәжбүрлеп, институттан шығарылуымен қорқытты. Осылайша, аңызға айналған спортсмен кәсіби спортқа келген.

Жақсылықтың, КССР чемпионы болған соң, 1970 жылы КСРО чемпионатына кіргізілмеуі грек-рим күресімен айналысуға алып келді. Бұған қоса, бұрынғыдай, оны әлемдік турнирлерге қабылдамады. 1973 жыл — бұл Үшкемпіровтың ел чемпионатының жүлдегері болған жылы еді. Бірақ ол үшін Еуропаға жол әлі де жабық болды.

1976 жылы Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен Кеңес одағының чемпионы атанады. Осылайша, ол Монреалда өтетін Олимпиада ойындарына жолдамаға ие болғанымен, оның орнына басқа спортшы барады.

 Мәскеуде өткен Олимпиада, оны әлемге танытқан сәт, барлық үміттерін, армандарын және мақсаттарын орындаған кезең болды. Жақсылық  сол уақытта 29 жаста болды. Ұлы жігері мен мінез-құлқының арқасында Олимпиада  ойындарының чемпионы атанды. Бұл 1980 жыл еді. Одан кейінгі жеңістер: 1981 жылы әлем чемпионы, 1982 жылы Будапештте өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы.

"Қуанышта шек жоқ. Менің бірінші ойлағаным отаныма алтын медальмен қайтамын деген ой болды. Неге десеңіз, қазақ елінің атынан шығып, сондай атаққа жету болған емес еді. Елімінің жеткен жеңісі деп бірініші соны ойладым. Ауылға ұялмай, елдің алдында жүзім жарық болып баратын болдым деген ой болды. Бірінші кездескен палуан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін еуропаның чемпионы румындық Александр болды. Жеңілсем ауылға қай бетіммен барам деп қорықтым. Сонда кілемге шыққанда: "жеңуім керек, болмаса осы кілемде өлуім керек" деген өзіме серт қойдым. 9:4 есебімен жеңіп шыққан кезде бірінші хатшы Қуаныш Сұлтанның айтқанын әлі білемін: «Жақсылық, Байкен Әшімович келеді. Өз өзіңді ретке келтір, дұрыста», - деді. Менің тобығым шығып кетіп, үш-төрт дәрі салып, байлап қойған. Бір уақытта күткен кісім келді.

1982 жылы спортшы үлкен спорттан кетті. 1984 жылы ұйымдастырған жастар турнирі 2016 жылы халықаралық мәртебеге ие болды.

Біздің қазақстандық спортшылар, Елдос Сметов сияқты, Жақсылық Үшкемпіровтің қадамдарын қуып келеді.

Оның спорт жолындағы қиыншылықтары мен жеңістерге толы тарихы жас спортшыларға жаңа биіктерге жетуге шабыттандырары сөзсіз. Шәкәрім университеті өзінің түлегінің спорт дәстүрлерін жалғастырып, жастарды алға қойған мақсаттарына жетуге, дені сау өмір салтын белсенді түрде насихаттайды әрі студенттерге әр түрлі спорт түрлерінде дамуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Шәкәрім университетімен байланысты халықаралық және республикалық жарыстарда жеңіске жеткен спортшылардың тізімі өсіп келеді. Университет өз студенттері мен түлектерімен мақтанады, олардың спорттың қай түрі болмасын жоғары жетістіктерге жететініне сенімді. Осы жетістіктер Жақсылық Үшкемпіровтің негізін қалаған дәстүрлерінің өміршеңдігі болып табылатындығын көрсетеді.