Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 мамыр 2023ерлік, ұлы отан соғысы

ЖЕҢІС КҮНІ...

9 мамыр – Жеңіс күні
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
1941 — 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Оның ішінде қасиетті қара шаңырақ Шәкәрім университетінің түлектері мен қызметкерлері де қан майданның алдыңғы шебінде жүрді.
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және білім алушылар!
Сіздерді Ұлы жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл ардагерлеріне ауыр күндердегі адал еңбегі мен белсенді ұстанымдары үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Еліміз аман, егемендігіміз баянды болсын! Сіздердің ерліктеріңіз біздің жадымызда мәңгі сақталады.