«Қабылдау комиссиясында жұмыс істеуге студент болмай тұрып қызықтым. Жұмыс барысы студенттерге үлкен тәжірибе жинақтауға септігін тигізді. Сондай-ақ, жұмыс барысында жаңа мүмкіндіктерге ие болдық. Көп жұмыс жасау арқылы көп тәжирибе жинақтауға болады»,- деді жас маман.
«Қазіргі талапкерлердің қадамдары нық. Өздеріне не керек екенін жақсы біледі. Мамандығы мен жоғарғы оқу орнын анық таңдап келеді. Бұл өте қуантады. Олардың бойынан сенімділікті көремін»,- дейді жастармен жұмыс жасаған Айдана.
Олай болса, сенімді талапкерлеріміздің үздік таңдауына бізде сеніммен қараймыз. Талапкерлерімізге сәттілік тілейміз!