Кәсіподақ ұйымы

БКҰ төрайымы:  Курмамбаева Қарлыгаш Солтанбекқызы

Мекен-жайы:        Тәңірбергенова көшесі 1 үй, 2 этаж,  210 кабинет

e-mail:                    каrlitos-73@mail.ru

 

 

Кәсіподақтың миссиясы – еңбек қатынастарын реттеу және қорғау, сондай-ақ оның мүшелерінің басқа әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Негізгі мақсаттары:

  • жалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелерінің қызметін біріздендіру және үйлестіру;
  • ұжымдық шарттар мен басқа келісімдерді әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын бақылау;
  • университеттегі еңбек заңнамасы мен ережелерінің сақталуын бақылау;
  • ПОҚ, қызметкерлер мен олардың балаларының денсаулығын жақсартуды ұйымдастыруға қолдау көрсету;
  • сотқа немесе басқа құқық қорғау органдарына жүгінген кезде Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, заңдық және консультативтік көмек көрсету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;
  • Кәсіподақ құрамына жаңа мүшелерді тарту және жаңа құрылымдық бөлімшелер құру.

Іс жүзінде орындалатын іс-шаралар

Жаңа жылдың басында кәсіподақ комитетінің төрағасы өткен жыл бойынша есеп беріп, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын бекітеді. Ұжымдық шарттың негізгі тармақтарының орындалуы, кәсіподақ комитетінің мүшелері арасындағы міндеттерді бөлу, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін тексеру бойынша бақылау жүзеге асырылады. Кәсіподақ комитеті демеушілікті келесі іс-шараларға көрсетеді: Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Жаңа жыл және т.б., сонымен қатар кәсіподақ комитеті факультеттік іс-шараларға қаржылық қолдау көрсетеді. Мысалы: қысқы және жазғы кезеңде профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері арасында өткізілетін «Салауатты өмір салты» спорттық жарыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру барысына кәсіподақ тарапынан демеушілік көрсетеді.

ҰОС және еңбек ардагерлері, ЖОО зейнеткерлері әрқашан көмек көрсетіледі.

Жазғы кезеңде қызметкерлерге Қазақстан аумағында санаторийлік-курорттық емделуге арналған стандартты бөлме бағасынан 30% жеңілдік беріледі.

 

Профком мүшелері:

1.Божко М.В.

2.Есембекова З.Ж

3.Кайсанов С.Б.

4.Корабаев Ж.З.

5.Мамбетбаева Р.С.

6.Мансуров С.М.

7.Мусагалиева К.А.

8.Тыныбаева Ж.Т.

 

БКҰ-ның бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы – Исмаилова Г. К.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникалық инспекторы – Жарықбасов Е.С.

 

Жарғы

Жалпы ережелер

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, жеңілдіктері мен міндеттері

Өтініш үлгісі

 

Университет