«Атажұрт» студенттік ғылыми үйірмесі

Үйірмесінің мақсаты:

География-тарих ББ студенттерінің географиялық білімі мен ойлауын дамыту, терендету. География ғылымының салаларындағы білімдерін кеңейту, ғылыми көзқарастарды қалыптастыру. Қазақстандағы география-экологиялық мәселелерді шешуге өз ой-пікірін білдіру арқылы болашақ мамандарды жан-жақты дайындау.

Үйірменің міндеттері:

1. География ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін пысықтау негізінде студенттердің ой-өрісін кеңейту;
2. Проблемалық сауалдар қою арқылы тек географиялық қана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, философиялық және т.т. ғылым салалары бойынша білімдерін тереңдету;
3. Нақты фактілерге сүйеніп өз пікірін жүйелі, терең мағыналы етіп жеткізуге үйрету;
4. Логикалық ойлау, анализ-синтез жасауға дағдыландыру;
5. Өзі тандаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

  • Ұйым басшысы:Нурпейсова Акерке Муратказиновна - аға оқытушы, география магистрі
  • Телефон:+7(771)305-66-95