AP13068020 "Шығыс Қазақстан облысының туристік және ерекше қорғалатын аумақтарына ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолданып шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістерді әзірлеу"

Ғылыми жоба жетекшісі: Мукаев Жандос Толеубекович., PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID - 0000-0003-0538-2645


Өзектілігі:

Жобаның негізгі идеясы ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолдана отырып, туристік аумақтарда шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтаудың жаңа әдістерін әзірлеу болып табылады. Туристік саланы дамытудың маңызды шарты табиғи немесе мәдени рекреациялық объектілердің болуы ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі, табиғи кешендердің рекреациялық әсерге тұрақтылығы болып табылады. Рекреациялық әсерден қорғаудың нәтижелі шараларының бірі рекреациялық жүктемелерді ретке келтіру болып табылады: шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтау, туристік әрекетті белгілі бір маршруттар, демалыс аймақтары бойынша ұйымдастыру.


Мақсаты:

Шығыс Қазақстан облысында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және туризмді тұрақты дамыту үшін ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолдана отырып, туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді айқындау әдістерін әзірлеуден тұрады.


Күтілетін нәтиже:

Зерттеулер нәтижелерін енгізу рекреациялық табиғат пайдалануды оңтайландыруға және өңірде туризмнің тұрақты дамуына ықпал ететін болады, ғарыштан түсірілген суреттер және ГАЖ технологияларды қолдану негізінде деректер базасы құрылатын болады. Туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістемелік тәсілдерін алуға мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, жобаның маңызды көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаның жалпы экологиялық жағдайын бағалау болып табылады.

Жоба міндеттерінің бірінші кезеңінің күтілетін нәтижелері зерттеу объектісі бойынша толық мәліметтер мен материалдар, атап айтқанда табиғи жағдайлар туралы деректер, туристік аумақтарға рекреациялық жүктемелердің шекті жол берілген әдістемесін әзірлеу, дешифрлеу негізінде жасалған ғарыштық суреттердің негізінде алдын ала карталар дайындау, экспедициялық зерттеулердің нәтижелері болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының туристік аумақтарындағы нақты рекреациялық жүктемелерді, топырақ-өсімдік жамылғысының рекреациялық дигрессия деңгейлерін анықтау.

Жоба міндеттерінің екінші кезеңінің күтілетін нәтижелері экспедициялық жұмыстардың мәліметтері мен деректерін, атап айтқанда топырақтың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамын, ағаштардың биофизикалық параметрлерін талдау нәтижелері болып табылады. Ғарыштық суреттерді дешифрлеу негізінде рекреациялық жүктемелердің шекті жол берілген рекреациялық жүктемесін анықтау. Карталар серияларын жасау.

Жоба міндеттерінің үшінші кезеңінің күтілетін нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының туризмді тұрақты дамыту болып табылады. Табиғатты қорғау бойынша ұсынылған іс-шаралар негізінде туризмнің және шекара маңындағы ауылдық аумақтардың тұрақты, әлеуметтік-экономикалық дамуы.


Қол жеткізілген нәтиже:

Ландшафттарды кешенді далалық физика-географиялық зерттеу бағдарламасы әзірленді. Кілттік учаскелердің картасы жасалды және зерттеу нысандары анықталды. Далалық зерттеу материалдары және ғарыштық суреттер негізінде шекаралары нақтыланған зерттелетін аумақтың карталары жасалды (топырақ, өсімдіктер, топографиялық), орташа масштабты карталар.

Зерттелетін аумақтың туристік және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қазіргі жағдайы туралы мәліметтер базасы құрылды.

Зерттелетін аумақтың статистикалық және картографиялық материалы өңделді және физикалық-географиялық сипаттамасы жасалды.

Туристік аумақтардағы (Шүлбі су қоймасы, Дубағалы көлдері, Сібе көлдері, Алакөл көлі) ландшафт компоненттерінің нақты рекреациялық жүктемелері мен экологиялық жай-күйі айқындалды. Phantom RTK квадрокоптерінің (ҰҰА) көмегімен туристік аумақтардың жағалау учаскелеріндегі ландшафттардың механикалық бұзылуы анықталды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегіндегі экологиялық маршруттардың қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді ("Катонқарағай" мемлекеттік ұлттық паркі, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық паркі). Туристік аумақтың жағалау учаскелерінде топырақ пен су сынамалары алынды. Топырақ пен су объектілерінің физикалық-химиялық қасиеттері мен ластаушы заттарды анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде экологиялық маршруттардың қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізілді. Туристік аумақтардағы ландшафттардың механикалық бұзылуы анықталды (Шүлбі су қоймасы, Дубағалы көлдері, Сібе көлдері, Алакөл көлі). Рекреациялық учаскелердің ботаникалық сипаттамалары жүргізілді. Ландшафттардың рекреациялық жүктемелерге төзімділігі анықталды.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Озгелдинова Жанар Озгелдиновна

    Scopus Id: 55974482300

    Researcher Id: ABD-7061-2021

    ORCID: 0000-0001-6004-9066

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Алагуджаева Манира Аманкельдиевна

    Scopus Id: 57194380633

    Researcher Id: ABF-1440-2021

    ORCID: 0000-0002-0209-8334

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Жангужина Алтын Амиржановна

    Scopus Id: 57199861154

    Researcher Id: ABF-3763-2021

    ORCID: 0000-0002-0209-8334

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Рахимжанова Акгуль Махметхановна

    Scopus Id: 57218533626

    Researcher Id: ---

    ORCID: 0000-0001-9939-2267

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Улыкпанова Меруерт Муратовна

    Scopus Id: ---

    Researcher Id: ABE-9721-2021

    ORCID: 0000-0002-0038-3158

    Қосымша: