AP14869894 "Абай қарасөздерінің тезаурусы"

Ғылыми жоба жетекшісі: Ердембеков Бауржан Амангельдиевич, филология ғылымдарының докторы, профессор, - жоба жетекшісі Scopus Author ID: 57204595664 ORCID: 0000-0003-0503-46


Өзектілігі:

Абайды тану – өзіңді тану. Абай шығармасын қай дәуірде оқысақ та, әркім өз заманы сөз болып отырғандай қабылдайды. Алаш арыстары Абай мұрасына назар аудартып, абайтанудың негізін қалыптастырды, дегенмен де ақынның рухани мұрасын зерттеу әлі де өзекті мәселе. Себебі заман, қоғам жаңарды соған сай оқырманның да сұранысы, қабылдауы,пайымдауы өзгерді.

Уақыт озған сайын ол шығармаларды жас ұрпақтың түсінуі қиынға соғуда. Жүз елу жылдай бұрын хатқа түскен Абай қарасөздерін ХХІ ғасыр жастары бірден қабылдай алмайды, ақынның тілі күрделі, әрі шағатай, түрік, араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Бұны шешудің жолы – Абай қарасөздерінің түпнұсқасын негізге ала отырып, әрбір сөзіне кешенді квинтэссенциялық талдау жасап, тезаурусын сөздігін құрастырып, оқырманға қарапайым тілде жеткізу.


Мақсаты:

Қазақ елінің темірқазығы, бойтұмары Абай қарасөздерінің тілдік ерекшеліктерін сараптап, талдау арқылы Абайдың рухани мұрасын қазіргі қоғам өкілдеріне түсінікті, заманауи тұрғыдан кең көлемде насихаттау.


Күтілетін нәтиже:

- Абай қарасөздерінің тезаурус сөздігін жариялау;

- Абай қарасөздерін ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала; БҒСБҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және отандық басылымда 2 мақала әзірлеу;

- Жобаның зерттеу нәтижесі ретінде монографиялық еңбек әзірлеу;

- «Абай шығармаларының көпфункционалды Web-қосымшасын жобалау және құру» тақырыбындағы «Abaitanu.kz» сайтындағы қарасөздер бөлімін ғылыми жаңа, тың деректермен толықтыру.


Қол жеткізілген нәтиже:

Зерттеу тақырыбы аясында республикалық және өңірлік деректер базасынан материалдар жинақталды. Турагул Абайұлының қолжазбасы кирилл әрпіне транслитерацияланды. Жинақталған материалдар негізінде ҒЖБМ БҒССҚК тізіміне енетін журналға мақаланың алғашқы нұсқасы әзірленіп, Керуен журналына беру жоспарланып отыр.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Еспенбетов Арап Сләмұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

    Scopus Id: 55912941500

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Смагулова Акмарал Тулеугазиновна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Ісбек Берікхан , PhD

    Scopus Id: 57218544192

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0002-5729-9491

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Қадылбек Ағжол, магистр

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID:

    Қосымша: