AP19680032 "Әлеуметтік желідегі лексиканың құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілері"

Ғылыми жоба жетекшісі: Касымова Асем Аленовна, PhD, - ORCID: 0000-0002-8783-888X Scopus ID: 57224119099


Өзектілігі:

Әлеуметтік желі байланысы қазіргі уақытта жаңа лексикалық бірліктер мен сөз тіркестерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады және кең сипаттауды қажет етеді. Интернет -коммуникацияда бірнеше тілдердің қабаттаса қолданылуын, әртүрлі диалектизмдерді, әдеби тіл және бейресми ауызекі тілдің қолданысын байқаймыз. Яғни, интернет тілін зерттеу кезінде осы факторлар ескерілуі керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар, интернет және интернет-коммуникация пәнаралық зерттеулердің нысаны болып табылады. Қазіргі қазақ тілінің интернет-лексикасы үнемі даму үстінде, онда жаңа сөздер пайда болады және бұрыннан бар сөздердің мағыналары өзгереді, нәтижесінде бұл лексика тіл қолданушыларына сөйлеуде, түсінуде қиындықтар туындатады, осы себептерден жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Жоба жұмысының өзектілігі қазіргі қазақ тілінің әлеуметтік желі лексикасының құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілерін зерттеу бойынша теориялық материалдардың аздығынан, қазақ тіліндегі осы мәселелер жөніндегі іргелі зерттеу еңбектерінің жоқтығынан туындап отыр.


Мақсаты:

Қазіргі қазақ тілінің интернет лексикасының құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін, сонымен қатар интернет-коммуникациядағы лингвомәдени аспектілердің көрінісін анықтау. Кешенді зерттеу нәтижелерін қазіргі жаһандану үдерісіне сай инновацияланған цифрлы форматта ұсыну.


Күтілетін нәтиже:

- Зерттеу нәтижелерін қазіргі қазақ тілінің интернет лексикасының сөздіктерін құрастыру кезінде лексикографияда қолдануға, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы бойынша дәрістер мен практиумдарда, оқу құралдарында пайдалану;
- Әлеуметтік желідегі лексиканың құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілерін ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;

ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу әзірлеу;
- Жобаның зерттеу нәтижесі ретінде монографиялық еңбек дайындау;
- Жобаның зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;
- Жобаның зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік тағылымдамалардан өту.


Қол жеткізілген нәтиже:

Ғылыми жоба аясында нәтижеге қол жеткізу үшін фокус топтар құрылып, тілдік материалдар жинақталды. Теориялық еңбектерге талдау жүргізу мақсатында Қазақстан көлеміндегі ұлттық кітапханаларда жұмыс жасалды.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Тусупбекова Галия Аутовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

    Scopus Id: 57221744948

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-2200-5614

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Жумагулова Алия Матаевна – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0001-5535-0030

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Саганаева Гульнур Бейсембаевна – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-1538-5348

    Қосымша: