AP19680272 "Абай өңірі ақын-жазушыларының тәуелсіздік дүниетанымы әлемдік ой кеңістігінде (Абай облысы бойынша ақын-жазушылар шығармаларын талдау)"

Жоба жетекшісі: Токсамбаева Айман Омаркановна, филология ғылымдарының кандидаты, профессор – ORCID: 0000-0002-8744-2615, Scopus Author ID: 56184897700


Өзектілігі:

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ әдебиетінде, руханиятында үлкен серпіліс жүргені белгілі. Солардың бірі – қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру, қазақты таныту. Қазақ халқының тәуелсіздік кезеңіндегі сөз өнерінің дамуы - ұлттық әдебиет пен мәдениеттің дамуының бір көрінісі.Қазіргі сөз өнері – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алып тірегі мен қадір-қасиетінің, әлемдік әдебиеттегі орнының, өркениетті дамудағы көркемдік сананың көрсеткіші. Ұлт тұтастығы туралы ұлықты ойлар ел тәуелсіздігін алған жылдардан кейінгі батыл айтылып, халықты бірлік, ынтымаққа үндеген өрелі сөздерді ақындар мен жазушылардың шығармаларынан жиі байқауға болады. Мұның өзі өскелең ұрпақты елді, Отанды сүюге шақырған идеологиялық насихат сипатында өріс алып отырды. Тақырыпты зерттеуге деген қажеттілік Семей өңірінің Абай облысы болып қалыптасуынан туындап отыр. Жобаның өзектілігі Абай облысындағы ақын-жазушылардың әдеби бай мұрасы мен әдеби тұлғаларның өмірі мен шығармашылығын зерттеп, шығармаларын жинастыру, идеясы мен көркемдігін таныту болып табылады. Себебі қазіргі таңда жаңадан қалыптасқан облыстың рухани-әдеби болмысын анықтауда өңірлік ақын-жазушылардың сөз өнеріндегі «Тәуелсіздік дүниетанымы» идеясын негізге ала отырып, кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу – қоғамды жаңғыртудағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Тәуелсіздік кезеңі қазіргі сөз өнеріне қандай жаңалық әкелді, қандай жаңа есімдерді танытты деген сұрақтар кез келген әдебиеттанушыны толғандырады. Біз өз жобамызда өлкеміздің тәуелсіздік кезеңіндегі сөз өнерін кешенді зерттеу объектімізге ала отырып, аталған мәселелердің шешімін табуға тырысамыз.


Мақсаты:

Абай облысы ақын-жазушыларының тәуелсіздік кезеңіндегі рухани-әдеби мұрасын жинақтау, талдау, кешенді зерттеу арқылызаманауи тұрғыда кең көлемде насихаттау.


Күтілетін нәтиже:

- Қазіргі сөз өнері және тәуелсіздік дүниетанымын (Абай облысы бойынша ақын-жазушылардың шығармашылығын талдау) ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала; БҒСБҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және отандық басылымда 2 мақала әзірлеу;
- Абай облысынан шыққан ақын-жазушылардың антологиялық жинағын әзірлеу;
- «Абай облысынан шыққан ақын-жазушылардың Web-қосымшасын жобалау және құру», ғылыми жаңа, тың деректермен толықтыру.
- Абай облысынан шыққан ақын-жазушылардың шығармалары негізінде лингвистикалық сөздік құрастыру.
- Абай облысынан шыққан ақын-жазушыларының көркем поэтикасына монографиялық еңбек әзірлеу.


Қол жеткізілген нәтиже:

Ғылыми жобаның жоспарына сәйкес Абай өңірі ақын-жазушыларының алфавиттік тізімдемесі жасалды. Жоба таырыбына сәйкес Қазақстан және Шетел кітапханаларына жұмыс сапары рәсімделді.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Ердембеков Бауыржан Амангельдыевич, филология ғылымдарының докторы, профессор

    Scopus Id: 57204595664

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-0503-46__

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0002-8812-7625

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Самекбаева Эльмира Мақсұтқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0002-7509-7025

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Смагулова Акмарал Тулеугазиновна, филология ғылымдарының кандидаты

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-0137-463_

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Аубакирова Карлыгаш Адильхановна, PhD

    Scopus Id: 57205143914

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0002-1872-9591

    Қосымша: