AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Жоба жетекшісі: Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-5904-9544, Scopus Author ID: 58138937400
Өзектілігі:
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі есе ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру қарастырылған.
Қазақстан Республикасында тамақ өнеркәсібін дамытудың басты бағыттарының бірі – май өндірісі. Қазіргі танда елімізде май өнеркәсібі күннен-күнге танымалданып, даму үстінде. Май өнеркәсібі саласын дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда май дақылдарын өсіретін егіс алаңын 2030 жылдарға қарай қазіргі 2,36 млн. га-дан 5 млн. га дейін ұлғайту, сонымен қатар орташа есеппен өнім алуды 10,5 ц/га-дан 14 ц/га-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл бағдарламаның - негізгі операторы Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігінің негізгі салалары болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың ұлттық бағдарламасымен бірлесіп әзірленген. Сондай-ақ май өндірісін оңтайлы дамытудың негізгі факторы - өнімді белсенді түрде сату, өйткені май және ақуызды өнімдерге деген әлемдік сұраныс артып келеді, ал Қазақстанның органикалық май өнімдерінің экспорттық әлеуеті Орталық Азия, Европа, Ресей және Қытай елдерінің нарығында жоғары орын алып отыр.
Мақсаты:
Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылату мақсатында пресс жабдығын арнайы қысымды реттеу механизммен жабдықтау арқылы жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылату мақсатында пресс жабдығы жетілдіріледі. Ұсынылатын пресс жабдығы шнек орамдарына тарала берілетін арнайы қысым реттеу механизмімен жабдықталуымен ерекшеленеді және еліміздегі мақсары майын өндіру мәселесін тиімді шешудің ұтымды жолы ұсынылады. Ұсынылып отырған жоба өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылады. Алынған деректер Қазақстанда ғылымды дамыту үшін бірегей қызығушылыққа ие болады, сондай-ақ оң әлеуметтік және экономикалық нәтижеге әкеледі. Жоба аясында Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы бойынша немесе Scopus дерекқорында кемінде 50 CiteScore процентиліне ие алғашқы үш квартильдегі журналдарда 2 (екі) мақала жарияланады. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 4 (төрт) мақала жарияланады. ҚР пайдалы модельге 1 (бір) патент алынады.
Қол жеткізілген нәтиже:
Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылату мақсатында пресс жабдығы жетілдіріледі. Ұсынылатын пресс жабдығы шнек орамдарына тарала берілетін арнайы қысым реттеу механизмімен жабдықталуымен ерекшеленеді және еліміздегі мақсары майын өндіру мәселесін тиімді шешудің ұтымды жолы ұсынылады. Ұсынылып отырған жоба өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылады. Алынған деректер Қазақстанда ғылымды дамыту үшін бірегей қызығушылыққа ие болады, сондай-ақ оң әлеуметтік және экономикалық нәтижеге әкеледі.