AP23485629 "Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтардағы ірі қара малдың еті мен сүтінің сапасы мен қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету"
Жоба жетекшісі: Дюсембаев Сергазы Турлыбекович, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Өзектілігі:
Қазақстан Республикасы радиоэкологиялық жағдайы біршама шиеленіскен елдердің біріне жатады. Қазақстан аумағында 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер етуде. Табиғи және техногендік радиоактивтіліктің адамның өмір сүру ортасына – топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, табиғи суларға және атмосфераның жер асты қабатына тигізетін ауыр әсері ерекше. Адам-қоғам-табиғаттың экологиялық жүйесін жан-жақты зерттеу және талдау, айқын. оның қызметін ұдайы жетілдіру кез келген қоғамның ілгері дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Мақсаты:
Мүйізді ірі қараның еті мен сүтіндегі радиоактивті заттарды, ауыр металдарды, антибиотиктерді, пестицидтерді, гендік-модификацияланған организмдерді зерттеу, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігінің сапалық деңгейіне әсер ететін ет пен сүттің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу
Күтілетін нәтиже:
1. - Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 50 (елу) кем емес процентиль бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу; - сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
2. Ет пен сүттің тағамдық және биологиялық құндылығына әсер ететін қауіпті факторлардың санаттары айқындалатын болады және Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда шығарылатын мал шаруашылығы өнімдерінің ерекшеліктерінің
толық спектрі ұсынылатын болады.
3. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу, қоршаған ортаның ластану деңгейіне және іргелес аумақтардан алынатын мал шаруашылығы өнімдерінің зақымдалуына байланысты есептеу әдістемесі әзірленетін болады;
4. Ірі қара малдың еті мен сүтіндегі қауіпті биологиялық және химиялық агенттерді зерттеудің оңтайлы әдістері, олардың сандық көрсеткіштерінің импорттаушы елдердің, ДДҰ, ХЭБ, ФАО нормативтік құжаттарына сәйкестік дәрежесін зерделеу айқындалады және халықаралық талаптарды ескере отырып, ет пен сүтті ветеринариялық-санитариялық бағалау бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленеді.
5. Қазақстандық патент алу жоспарлануда;
6. Семей ядролық сынақ полигоны сынақтарының салдарынан зардап шеккен өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытудың оңтайлы бағыттары айқындалатын болады.
7. Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда өндірілетін ірі қара малдың еті мен сүтінің қауіпсіздік жүйелерін айқындау бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Қол жеткізілген нәтиже:
-