Айманбетов Нұргелді Алтынбекұлы

Орталық басшысы

Байланыс

+7(7783)06-16-93
071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Кабинет: 127
talapker@shakarim.kz

Маркетинг және коммуникация орталығы


Негізгі қызмет түрлері:

1. Университет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру:

  • Семей қаласы және Абай облысындағы мектеп түлектеріне университет пен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат тарату;
  • білім беру бағдарламалары туралы буклеттер, ақпараттық парақшалар, бейне роликтер мен слайдтар дайындау;
  • мектеп түлектерінің таңдау пәндері және таңдаған білім беру бағдарламалары негізінде, әлеуметтік чаттар құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
  • мектеп түлектері арасында инстаграм байқауын өткізу;
  • мектеп және колледж түлектері үшін ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстар ұйымдастыру;
  • факультеттердің "Ашық есік" күндерін өткізуіне ұйытқы болу;
  • кафедралардың жоғары сынып оқушыларына пәндік олимпиада өткізуіне ұйытқы болу;
  • "Серпін 2050" бағдарламасына қатысатын облыстардың мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • кәсіптік бағдар беру мақсатында баратын мобильді топтардың іссапарларын ұйымдастыру;
  • магистратура және докторантураға түсудің тәртібі туралы түсінік беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мектеп директорлары және 11 сынып жетекшілерімен байланыс орнату.

2. Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:

  • қабылдау комиссиясының құрамын бекіту;
  • қабылдау комиссиясын қажетті техникалық және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.