10 мамыр 2021

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ ШӘКӘРІМДІКТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Университет жастары  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, дәстүрлі әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығы және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуы аясында еліміз үшін аса қымбат құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰРПАҚТАРЫ» атты Семей қалалық көркемөнерпаздар фестиваліне қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін марапатталды.