30 сәуір 2021

«МАЗАСЫЗ МАУСЫМ» МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯСЫ

Shakarim University  «Қарагөз» студенттік жастар театрында комедия өтті. Университет түлегі, жас ақын Қуат Қиықбайдың жетекшілігімен «Мазасыз маусым» қойылымы сахналанды.
Қойылымды тамашалауға Басқарма басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткері Құсмілия Нұрқасым, «Дариға-ай» жастар театрының әртістері Е.Нұғыманов пен Ә.Серікқалиевтер келді.
«Халық арасында «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деген қағида бар.  Білім ордамыздың талантты жас әртістері  бүгінгі қойылымды әсерге толы етіп сахналады. Халыққа, университетке қызмет етуден жалықпаңдар! »,- деді университет ректоры.
Шығарманың басты мақсаты жастарды білімге, ғылымға, мәдениет пен руханиятқа деген талпынысы мен ұмтылысын арттыру.
Театр кеші барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Студенттер ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды.
«Мазасыз маусым»  көпшілікке тарту етіп отырған музыкалық комедиясы 2012 жылы жазылған. Қойылым төртінші мәрте сахнаға шығып, көрермендердің ықыласына бөленді. Басты идея студенттік шақтың мазасыз күндерін мәнді-мағыналы етіп көрсету»,- дейді режисер.
«Qaragoz» студенттер театры жас таланттардың бағын ашып, жаңа туындыларын жарыққа шығаруды бастады.  
Қарагөзіктерге шығармашылық табыс тілейміз!