Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында «Майлы шикізат сапасын бақылау әдістері» бағдарламасы бойынша Семей қаласының «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті.
Курс офлайн және онлайн режимде, 36 сағат көлемінде жүргізілді. Курсқа аталған мекеменің 12 маманы қатысты.
Курстың мақсаты – майлы шикізаттың сақтау мәселесін, бақылау әдістерін сондай-ақ өнеркәсіпте қолдану деңгейлерін анықтау.
Курс екі бағыт бойынша жүргізілуде:
1) Теориялық бағыт онлайн режимде өтті. Тыңдаушылар май өндірісінің негіздерімен, майлы шикізаттың негізгі түрлерімен (күнбағыс, рапс, зығыр), сондай-ақ оларды сақтау режимі және тәсілдерімен танысты. Сабақ барысында өсімдік майын өндірудің жалпы сызбасы берілді: термоылғалды өңдеу, май алу, май өндірісінің қалдықтары мен астықтың табиғатын анықтау.
2) Практикалық бағытта курс тыңдаушылары "QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС базасында тұқымның ылғалдылығын, қаттылығын анықтау тапсырмаларын орындады. Тыңдаушылар заманауи құралдарды пайдалану арқылы майлы шикізаттың сапасын, әдісін бақылады.
Курс спикері – «Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Смольникова Фарида Харисовна.
Курс соңында арнайы сертификат табыс етілді.