18 мамыр 2021

«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» ӘДЕБИ КЕШІ

Шәкәрім шаңырағында Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жылдық мерейтойына орай, Жаратылыстану-ғылымдар пәндері оқу кафедрасының ұйымдастыруымен «Жыр алыбы-Жамбыл» атты ғылыми танымдық шарасы өтті.
Іс -шараның басты мақсаты – сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау.
Сайыс екі кезеңнен тұрды: 
1 кезең – Ж.Жабаевтың кез-келген бір өлеңін жатқа оқу.
2 кезең – «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбына өзі шығарған туындысын оқу.
Сайысқа Курчатов қалалық мәдениет сарайының директоры Жанарбек Торайғыров бастаған әділқазылар  қазылық етті. 
Кеш қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
I орын -  Инженерлік – технология факультетінің студенті - Гулбаршын Адал 
II орын - Гуманитарлық-экономика факультетінің студенті- Серікжан Меллатұлы 
III орын – Жаратылыстану-математика факультетінің студенті - Дана Қалданова.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.