16 наурыз 2021

16 НАУРЫЗ –ШЕЖІРЕ КҮНІ

Шежіре күні – халықтың тарихы баяндалып, отбасының, жеті атаның шежіресі таратылады. Әр әулеттің үлкендері ата-бабаларының, ағайын-бауырларының игі істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. 
Шәкәрім шаңырағында осы дәстүрді  Жарaтылыстану-математика факультеті мен  Өнер және спорт факультеті қайта жаңғыртты. Факультеттер Шежіре күніне орай білім ордасының қалыптасуы мен өркендеп дамуынан сыр шертетін тарихи кезеңдерді танымдық материалдар арқылы көрермен қауымның назарына ұсынды. 
Университет ректоры Бауыржан Амангелдіұлы факультет ұжымының профессор-оқытушылар құрамын құттықтап, әлем халықтарының мерекелерімен қатар тойланатын атаулы күннің маңыздылығы мен ұлттық болмысты сақтап қалудағы ерекшеліктеріне тоқталды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік шараның ауқымдылығы мен мәнін «Наурыз - 2021» газеті, қолөнер галереясы, ұлттық ойындар алаңы аша түсті. Өнерпаз жастар ән-би өнерінен шағын концерт ұйымдастырып, тыңдарман қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.