15 қыркүйек 2021

УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылдың 15 қыркүйегінде Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі кафедрада  іс - тәжірибеге және түлектерді жұмысқа орналастыруға жауаптылармен, оқу жұмысы бойынша декан орынбасарларымен семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында практиканың барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, үйлестіру және өткізу мәселелері қаралды.

 

Бөлім басшысы Сәуле Саттаровна проблеманы ішінен зерделеу және оларды шешу жолдарын іздеу мақсатында барлық курстардың білім алушыларымен және ұйым мен өндіріс өкілдерімен бірқатар іс-шараларды өткізуін ескертті.

Сонымен қатар ЖОО-ын бітіргеннен кейін және ЖОО-ны бітіргеннен кейін 1-ші жылы түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету керектігін айтты.