22.09.2021 жылы Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мансап және жұмысқа орналастыру бөлімімен дуальды оқытуды енгізу және оқу процесіне практиктерді тарту мәселелері талқыланды.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары университетіміздің "Радиоэкологиялық зерттеулер" ғылыми орталығында және Инженерлік-технологиялық факультеттің лабороторияларында ғылыми жұмыстарын Шәкәрім университетінің оқытушы-профессорлық құрамының жетекшілігімен жүргізетін болады.
Табысты жұмыстар тілейміз!