06 қазан 2021

Шәкәрім университетінде өткен жылдардың табысты түлектерімен «Қонақ дәрісі» өтті

Біздің университеттің түлектері болып табылатын ақпараттық технологиялар бөлімі бастығының орынбасары2021 жылдың 6 қазанында

6В06103 - Ақпараттық жүйелер, 6В06104 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В07104 - Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс білім алушылары үшін «Қонақ дәрісі» ұйымдастырылды.

Өткен жылдардың түлектері өздерінің жетістіктері туралы айтып, өз компанияларын таныстырды, білім алушыларға олардың компаниялары айналысатын перспективалық бағыттар туралы айтып берді. «IMAS GROUP» ЖШС техникалық директоры білім алушылардың өтініші бойынша қазіргі заманғы бағдарламалау нарығында сұранысқа ие бағдарламалау тілдері мен IT-технологиялар туралы айтып берді. Кездесу барысында биылғы бітіруші түлектер компанияларыға жұмысқа орналасқысы келетін мамандарға қойылатын талаптарға қызығушылық танытты, сондай-ақ олар мамандықтарына қатысты басқа да мәлеметтер алды.

«Қонақ дәрісі» аяқталғаннан кейін «Семей Инжиниринг» АҚ-мен және «IMAS GROUP» ЖШС-мен білім беру бағдарламаларын жаңарту, кейіннен жұмысқа орналастыру және компаниялардың дуальды білім беруге қатысуы үшін кәсіптік іс-тәжірибеден өту үшін білім алушыларды қабылдау мәселелерінде белсенді ынтымақтастыққа шешім қабылданды.

Кейбір білім алушылар кездесу соңында компания өкілдерімен алдын ала әңгімелесуге шақырылды.

 

Университеттің жоғары білікті кадрлар даярлаудағы көрсеткіштерінің бірі - өз мамандығы бойынша айтарлықтай тәжірибесі бар, өз саласының дамуына әсер ететін және болашаққа өзіндік көзқарасы бар бірқатар өз түлектерінің салалық сарапшылары болуы мүмкін. Сала мамандарымен жүргізілетін «Қонақ дәрістері» тез өзгеретін еңбек нарығына қатысты білім беру жүйесінің икемділігін арттыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың «Қонақ дәрістерінен» алған пайдасы?

  • Өз ісінің шеберлері ретінде танылған өткен жылдардың түлектерінен бірегей ақпарат пен білім алды;
  • Өз мансабы үшін дамудың үздік үлгілерін таңдауға көмектескен өткен жылдар түлектерінің табысты тарихтарынан шабыт алып, кәсіби шеберліктің құпияларын білді;
  • Мансаптық өзін-өзі анықтау туралы «өткір» сұрақтарға жауап таба алды және өз мүмкіндіктерін табысты іске асыру үшін «кеңестер» алды;
  • Табысты мансап үшін қандай қосымша дағдылар мен құзыреттер (soft skills) қажет екенін білді.