08 қазан 2021

«Шалабай» ЖШС іс-тәжірибе базасына жұмыс сапары

Шығыс Қазақстан обылысы Жарма ауданында орналасқан «Шалабай» ЖШС іс-тәжірибе базасына 2021 жылдың 08 қазанында мансап және жұмысқа орналастыру бөлімімен жұмыс іс-сапары ұйымдастырылды.

Жұмыс сапарының мақсаты 5В120100 «Ветеринарлық медицина» мамандығының бітіруші курс білім алушыларымен іс-тәжірибе  базасының жабдықталу жағдайымен және өндірістік іс-тәжірибе  өту шарттарымен танысу, сондай-ақ олардың бекітілген іс-тәжірибе бағдарламаларына сәйкестігі, мамандарды даярлау сапасы мәселелері бойынша іс-тәжірибе  базасындағы басшылармен кері байланыс орнату,  дуалды оқытуды жүзеге асыру және түлектерді ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау болды.

Іс-сапар нәтижесінде дуалды оқытуды ұйымдастыру және кәсіби іс-тәжірибеден өту бойынша жұмыстың одан әрі бағыттары айқындалды.